Жарқынай - республикалық байқаудың жеңімпазы

Рейтинг: 5 / 5

Мамандық таңдау – өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек.

Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды болып, бағалы үлес қосатындай болуы шарт деп есептеймін.

Жақын арада Нұрсұлтан қаласында өткен «Мамандықтар әлемін ашамыз» атты Республикалық байқауына Абай атындағы жалпы орта мектебінің 9-шы сынып оқушысы Сатыбаева Жарқынай Жанболатқызы қатысып жүлделі ІІ дәрежелі дипломмен марапатталып, бағалы сыйлық иеленді. (байқауға дайындаған жетекші ұстазы - информатика пәнінің мұғалімі Бақытгүл Теміртасқызы) Байқаудың басты мақсаты –оқушы жастарға болашақ мамандығын таңдауда жол көрсетіп, бағыт-бағдар беру.

Әр жыл сайын, Нұрсұлтан қаласында М. Өтемісов атындағы оқушылар сарайында өтуі тиіс болатын байқау, бұл жолы пандемия ахуалының себептерімен кашықтықтан өткізілді. Жарқынайдың осы уақытқа дейін тек аудан деңгейінде ғана емес, облыстық һәм республикалық деңгейдегі түрлі байқауларда шындалып, жүлделі орын алып жүргенін білеміз. Сөзсіз, жас шәкірттің биік шыңдарды бағындыруы - Ұлы Абай есімін иеленіп отырған орта мектептің мәртебелі ұстаздарының сапалы білімі мен, саналы тәрбиесінің жемісі деп білемін.

«Шабытыңды шарықтат, сонда ғалам сен үшін бұрын қамал тұрған жерлерден жол ашады», - деп атақты ағылшын ойшылы Джозеф Кэмпбэлл айтқандай, Жарқынай сіңіліме тек қана сарқылмас шабыт тілей отырып, терең білім нәрімен сусындатып отырған ұлағатты ұстаздарының сенімдері мен ата-анасының үмітін ақтап, кейінгі өсіп келе жатқан бауырларына үлгі-өнеге болуыңды қалаймын. Ал ол үшін талпыныс қажет. Жетістіктерге қол жеткізу үшін, әрекет етіп қана қоймай, қиялдауымыз да керек, жоспарлап қана қоймай, сенуіміз керек. Ең бастысы – сенім. Алға қойған мақсаттарың үшін еңбек етіп және мамандық тандау жолында кателеспейтініңе мен сенімдімін. Өзіңе және Отаныңа еңбек ететін, мақсатың айқын тұлға болып, ары қарай дами түс дегім келеді.

 

Гүлайым Ермекқызы

Атырау қаласы

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика