Заманауи мектепте білім сапасын арттыруда командалық жұмыстың стратегиясы

(0 Votes)

Сүйіндік жалпы орта мектебінде мектепшілік «Заманауи мектепте білім сапасын арттыруда командалық жұмыстың стратегиясы» атты семинар болып өтті.

Семинардың мақсаты заманауи мектептегі білім сапасын арттыруда ұстаздардың командалық жұмысының тиімділігін көрсету, бірлескен жұмыс нәтижесін өз тәжірибелерінде қолдана білуге ықпал ету. Осы семинарға көршілес Балқұдық жалпы орта мектебі мен Лабай жалпы орта мектептерінен ұстаздары келді.

Семинардың ашылуын мектеп директоры Менсұлу Темірханқызы ұстаздардың командалық арасында жаңа әдістерін қолдануда жетілдіру арқылы оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында алдыңғы қатарлы озық ұстаздарының іс-тәжірибелерін ортаға салмақ ниетте ұйымдастырылып жатқанын жеткізді. Бұл семинарда барлық мұғалім бір салада, бір мақсат үшін қызмет атқарса, ішкі жан дүниесі, жұмыс жасау әдісі бір-біріне ұқсамайды. Командалық жұмыста команда мүшелерінің идея генераторлығы, істі үйлестіруші, жүзеге асырушы, ынталандырушы секілді қабілеттері көріне бастады. Басты мақсатымыз-команда мүшелерінің бір-бірінен тең дәрежеде екенін сезбеуіне мүмкіндік жасау, сол арқылы «тең орта» қалыптастыру болды. Біздің мектебімізде бір мақсатқа жетуге бағыт алғаш 4 команда жұмыс жасауда. Оларды атап айтсам «Ұлағат», «Жалынды ұстаздар», «Парасат», «Зерде» топтары деп барлық ұстаздарға ыстық ықласын жеткізді. Семинарды мектеп психологы Алтынғаным Қадырқызының «Бойтұмар» психологиялық тренинг арқылы бастады. Әр команда өздерін таныстырып, топ аттарын, мақсатын таныстырып ортаға салды.

Содан соң бастауыш сыныптарында 1 «б», 2 «б» өткізген математика сабақтарында «Шамалар», «Өзіңді тексер» тақырыптарында Аида Маратқызы мен Самал Ғинетоллақызының семинарға қатысушылардың көңілдеріне жылы сезім ұялата білді. Гүлбаршын Қазимеденқызы мен Марат Сүйіндікұлының кіріктірілген Ш.Айтматов «Алғашқы ұстаз» повесі тақырыбында 10 «а» сыныбында қазақ әдебиетінен ашық сабағы тыңдаушылардың көңілдерінен шыға білді. Бауыржан Амангелдіұлы мен Айнагүл Жасқайратқызының 8 «б» сыныбында биология пәнінен «Есту мүшесінің құрылысы, маңызы, бұзылу себептері және гигиенасы» тақырыбында кіріктірілген физика және музыка пәндерімен өткізілген сабағы қызығушылығын арттырып жоғары нәтижеге қол жеткізе білді.

Сондай-ақ білім мен тәрбие-егіз тақырыбында тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Самал Мартқызы мен Аймекен Ерсайынқызы, спорт әдіскері Артур Махмудұлының «Әкелер академиясы» жобасының аясында ұйымдастырылған «Әкенің иығы-ең биік шың» атты спорттық шара ұйымдастырылды. Шараға ұстаздар мен келген қонақтары көрермендердің көңілінен шыға білді. Сайыс «Әкенің орны-төр», «Кім мерген?», «Әке көрген оқ жанар» қамшы өру, «Бұғалық салу» бөлімдерінен шара жоғары деңгейде өткізіліп, ата-аналармен байланыстың бір көрінісі болды. Мектеп жатақханасында «Мен әжемін, ұрпағын әлдилеген» атты шеберлік сағатын Сая Сырымқызының ұйымдастырумен келген ұстаздарымызға тамаша көрінісі болды. Мақсаты бала бойында әлемдегі асыл ананы сыйлауға, адамгершілік сезімін ұялатуға, ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуге және әсемдікке сүюге баулиды. Шара «Ұтқыр сұраққа, ұтымды жауап», «Ата-мұра асыл қазына» қолөнер бұйымдармен таныстыру, «Әжемнің алтын қоржыны», «Қонақжайлық ата дәстүріміз» атты кезеңдермен бөлісті.

Сондай-ақ көркем еңбек пәнінің мұғалімдері Хасиет Бұрханұлы мен Майжан Ғабитқызының, орыс тілі мен орыс әдебиетінің мұғалімі Құралай Аманжолқызының, математика пән мұғалімі Гулназым Ғинетоллақызының, ағылшын пән мұғалімі Аймекен Ерсайынқыздарының мектепшілік іс-тәжірибелері таратылды. Келген ұстаздарымызға педагог-ұйымдастырушы Балболсын Өтегенқызы мен мектеп кітапханашысы Бекайым Асылханқызының ұйымдастырумен «Командалық жұмыс-жетістікке жетудің алғашқы қадамы» коучинг өткізіп, «қорғаныш қалқаны» арқылы ұстаздарға кері байланыс жасап, өз ойларын ортаға салуға мүмкіндік берді. Семинар соңында мектеп директоры Менсұлу Темірханқызының өткізілген ашық сабақтар, тәрбие шаралар басқа да, сайыстарды қорытындылап, жалпы командалық жұмыс нәтижесінде қысқа уақыт ішінде, кең ауқымды жұмыс атқаруда уақытын үнемдеу, креативті ойлауды қалыптастыруда, әріптестермен тіл табысу арқылы, жоғары жетістікке жеткенін, ұстаздарымызға шығармашылық ізденістің алар орны ерекше екенін айтып қорытындылады.

Бауыржан Хасантаев,

Сүйіндік жалпы орта мектебінің педагог-ұйымдастырушысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521