З.Серікқалиұлы атындағы мектеп-интернатында биыл 152 оқушы білім алады

(0 Votes)

Бірінші қыркүйек - оқушылардың жаздай демалыста болып, алтын ұя мектептерінің есігін алабөтен сағынышпен ашатын күн.

Мектеп табалдырығын аттайтын кішкентай бүлдіршіндердің білім теңізіне қадам бастайтын қуанышты сәті.  Дәл осы күні еліміздің барлық мектептерінде алғашқы қоңырау соғылып, білім күні ерекше салтанатпен атап өтіледі. Алыс малды өңірдің, кейбір әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балалары және инклюзивті білім алатындар оқитын аудандағы З.Серікқалиұлы атындағы мектеп-интернатта да салтанатты шара ұйымдастырылды.

53249389-88c7-411b-bfe3-94416ece8e3c

Жиында білім ордасының басшысы Руслан Хасантаев педагогикалық ұжымды, мектеп оқушылар мен ата-аналарды, ардагер ұстаздарды білім күнімен құттықтап, өткен оқу жылының қорытындысы мен алдағы міндеттерге тоқталды.

– Жалпы мектеп бойынша былтырғы оқу жылын 159 бала аяқтап шықты. Алтын ұяны жеті түлек бітіріп, барлығы да колледж студенттері атанды. Оның ішінде төртеуі грант иегері атанды. Білім сапасы 23,5 пайызды құрады. Биылғы оқу жылын 152 баламен бастағалы отырмыз. Оның ішінде 62 оқушы арнаулы сыныпта білім алады. Мемлекет тарапынан қаржыландырудың арқасында оқушылар киім-кешекпен, оқу құралдарымен, оқулықтармен, басқа да керек-жарақпен толықтай қамтылды. Балаларға мектеп асханасымен күніне 5 мезгіл тамақ беріледі. Тоғыз ай бойына мұғалімдер мен тәрбиешілердің қадағалауы мен қамқорында болады. Мектепте 56 педагог,  44 тәрбиеші қызмет атқарады. Олардың барлығы да жаз айларында мұғалімдік курстардан өтіп, білімдерін көтерді, - деген ол оқу-тәрбиедегі жетістіктері үшін педагог зерттеушілер Төлеген Сапуов пен Жанна Сағадаеваға жоғары білім беру ұйымдарының Алғыс хаттарын табыстады.

baee6bd8-2a19-4ea1-95ac-b052abfb3f16

Алғашқы қоңырау салтанатында ардагер ұстаздар Айгүл Нұрмағамбетова, Гүлнәр Сариева, аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Зияда Жоламанова құттықтау тілектерін білдірді. Күзгі күннің таңғы тыныштығын күміс қоңыраудың күмбірі бұзып, мектеп-ана шәкірттерін сынып парталарына шақырды. Мектеп табалдырығын алғаш аттау құрметіне биыл бірінші сыныпқа барғалы отырған 8 бүлдіршін ие болды.

Айбек МЕЙІРМАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521