Әуезов мектебі – «ЕҢ ҮЗДІК ОЛИМПИАДАЛЫҚ АУЫЛ МЕКТЕБІ»

(0 Votes)

Атырау облысы Білім беру басқармасы, Құрманғазы аудандық білім бөліміне қарасты жалпы білім беретін М.Әуезов атындағы орта мектебі облыс көлемінде «Ең үздік олимпиадалық ауыл мектебі – 2023» атанды, - деп хабарлайды Құрманғазы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Аталған оқу ордасы бұл марапатқа ақпан айының 13-18 күндері өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің нәтижесінде лайықты деп танылып отыр. Облыстық кезеңде дәл осы мектептен 3 оқушы үздік үштікке ілінген. Мектеп директорының міндетін атқарушы Гаухар Нұрлығайқызының айтуынша, мұндай көрсеткіш бұрын-соңды болмаған.

- Осындай нәтижеге лайықты деп танылып жатсақ, әрине, бұл біз үшін зор мақтаныш. Оқушыларымыз көңілге тоқыған өз білімдерін білім додасында дәлелдеп, ауданымыздың, қала берді мектебіміздің абыройын асқақтатты. Оқушы жетістікке жетсе, ұстаздың да еңбегінің ақталғаны, жемісін бергені деп түсінеміз, - дейді шырайлы жүзбен мектеп директоры.

Иә, дарындының бәрі ауылдан шығады дейміз. Бұл ретте ауылдан осындай үздік оқушыларды дайындап, оларды білім нәрімен сусындандыруда ұлағатты ұстаздардың да еңбегі орасан зор десек, еш жаңылыспаған болар едік.

Айта кетейік, осы жылы пәндік олимпиаданың облыстық кезеңіне Құрманғазы ауданынан 38 оқушы қатысып, олардың 11-і жүлдегерлер қатарына іліксе, 9 оқушы алғыс хатпен марапатталды. Сондай-ақ облыстық кезең бойынша Құрманғазы ауданы жалпы есепте үздік үштікті түйіндегенін де айта кеткен жөн.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521