Тиімді әдіс-тәсілдер ұсынылды

(0 Votes)

Сүйіндік жалпы орта мектебінде әдіскер ұйымдастырушы педагогтардың ұйымдастыруымен «Тиімді әдіс-тәсілдер – табысты сабақтың діңгегі» тақырыбында семинар өтті.

Оған 47 мұғалім қатысты. Мақсаты – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, шығармашыл тұлға қалыптастыру. Мектеп директоры М.Темірханқызы семинарды ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

sjindik1

Жүргізуші Б.Өтегенқызы мұғалімдерді психологиялық тренинг арқылы топқа бөліп, мұғалімдер В.Қуанғалиқызы, Ж.Хабиболлақызы, Э.Айдынқызы коучингтерін жүргізді. Lesson Study-сабақты зерттеу үдерісі» тақырыбында хабарламалар жасалып, бейнероликтер көрсетілді.

sjindik3

Соңында Б.Амангелдіұлы «кері байланыс» түрлеріне тоқталып, семинарды қорытындылады.

sjindik4

sjindik5

Мектеп директоры М.Темірханқызы тренингтің өз мақсатына жеткенін тілге тиек етіп, ондағы әртүрлі әдістерге қызығушылық танытқаны үшін педагогикалық ұжымға, өздерінің іс-тәжірибелерімен бөліскен әдіскер ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Бауыржан Хасантаев,

Сүйіндік жалпы орта мектебінің әдіскер ұйымдастырушысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT