"Табысты оқушы", "Табысты мұғалім" номинациялары табысталды

(0 Votes)

Ауданымыздағы киелі білім ордаларының бірі Абай атындағы жалпы орта мектебінің 66-шы түлектеріне арналған «Сәт сапар саған, жас түлек!» аттестат тапсыру салтанатты шарасы өткізілді.

Мектеп қабырғасынан қияға қанат қаққан 52 түлекке аттестат тапсырылып, игі тілектер жолданды.

Салтанатты шара барысында мектебіміздің жыл бойғы қорытындысы бойынша «Табысты мұғалім – 2020» номинациясын 11-«Б» сынып жетекшісі, тарих пәнінің мұғалімі Жағыпарова Ғалия, бастауыш сыныптар бойынша Құспанова Гүлбаршын, оқушыларымыздың аудандық, облыстық, республикалық олимпиадалардан, ғылыми жобалар байқауларынан жеңімпаз үміткерлеріміз іріктеліп, қорытындысы бойынша Файзуллаева Фариза мектебіміздің түлегі, «Алтын белгі» иегері «Табысты оқушы -2020» номинациясын жеңіп алды.

Бұл салтанатты жиын алғашқы қоңырау мен соңғы қоңырауды тоғыстырған түлектеріміз үшін ерекше күн. Бұл күн ата-аналары үшін ұстаздарына қияға қанатын қақтырған түлектерін түлеткен ерекше күн деп есептелінеді.
Мектеп қабырғасынан 4 «Алтын белгі», 1 «Үздік аттестат» иегер оқушыларымыз бар.
50 оқушы Ұлттық Бірыңғай Тест тапсыруға үміт етіп отыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521