Тағылымы мол онкүндік

(0 Votes)

Ақкөл жалпы орта мектебінде ақпан айының 3 мен 12-і аралығында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» тақырыбындағы онкүндік шарасы өтті.

Онкүндік аясында сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Балаға жүрек жылуы» атты С.Назарбаеваға арналған тақырыптық сабақтар мен сынып сағаттары, мектеп кітапханашысы Нұргүл Қаражігітованың 3-4 сыныптарда «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани бағдарламасының авторы С.Назарбаеваның қызметі туралы, 9 сынып оқушыларымен өзін- өзі тану мұғалімі Назгүл Өтешеваның «Сүйіспеншілікпен өмір сүру» тақырыбында әңгімелер мен білім алушылардың әлеуметтік жобаларының таныстырылымдары, қазақ тілі пән бірлестігінің «Алтын жүрек анамыз» тақырыбында мәнерлеп оқу байқауы, «Өзін өзі тану» пәні мұғалімі Гүлжан Кадрешқызының «Мейірімділік –асыл қасиет » тақырыбында ашық сабағы өтті.

akl-mektep1

Сондай-ақ аталған онкүндікте «Мен және қоршаған әлем», «Ел тарихын білесің бе?», «Руханилықтың мөлдір бұлағы», «Салауатты –өмір салты», «Ән - көңілдің ажары», «Қайырымдылық-жер бетінде!», «Бәрі сүйіспеншіліктен басталады!», «Жүректен жүрекке», «Мейірімді жүректер ынтымақтастығы» тақырыптарында ашық сабақ, дебат, шығармашылық жұмыстар көрмесі, ән кеші, театрландырылған қойылым, марафондар, концерттік бағдарлама өткізілді. Оларды мектеп ұстаздары Райгүл Темірова, Үміт Сабирова, Арай Амирова, Жанаргүл Мұқашалиева, Динара Иралиева ұйымдастырды. Әлия Джаменованың ұйымдастыруымен 7 сынып білім алушыларын спорттық кешендерге, ойын-сауық орталықтарына тегін апарылып, олармен таныстырылды.

Г.Сахаева,

бірлестік жетекшісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT