Тәжірибе алмасу- кәсіби қажеттілік

(0 Votes)

 2022 жылдың 9 қазанында Б.Бегалиев жалпы орта мектебінде «Құндылыққа бағдар: бастауыш сынып оқушыларының зияткерлік қырын дамыту» тақырыбында мектеп директорының оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасарларына арналған тәжірибе алмасу педагогикалық  алаңының кезекті басқосуы өтті.

Бұл жұмыс-мектеп директорының оқу орынбасарларының  кәсіби құзыреттілігін дамыту, оның кәсіби тәжірибесін шыңдауға әкелетін тың жаңалықтарды қабылдау мен меңгертудің қарқынды үдерісі.    Мақсаты:Бастауыш сынып оқушыларының зияткерлік қырын дамытуда бірлескен қызмет арқылы өзара тәжірибе алмасу.  «Ашық сабақ-мұғалімнің  тәжірибе алмасу шеберханасы» бөлімінде  десант сабақтарды   С.Мұқанов, Нұржау, Ф.Оңғарсынова, Кадыр Мырза Әли, Қиғаш, Еңбекші жалпы орта мектептерінің  мектеп директорының оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасарлары: Умбеткалиева Тілекші, Харесова Құралай, Тастемирова Конырша, Хабиденова Гүлімжан, Елеусинова Раушан, Муханбетшеева Мәрзия және Б.Бегалиев жалпы орта мектебінің бастауыш сыныптың педагог-зерттеушілері Куспанова Алтынай, Майхиева Наташа  өткізді.

 «Әлемдік кафе»: Тәлімгерлік жас маманның даму аймағы  бөлімінде Б.Бегалиев жалпы орта мектебінің директоры Калиева Гульжаннат Гадилханкызы, оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасарлар: Оралбекова Римма, Киюазова Мария, Сариев Ерен, жас маман Тлемисова Альбина  тәлімгерлік қызметті ұйымдастыруда   аудан мектептерінің өзара тәжірибесін ортаға салар бағытта   «Тосын жағдаяттар», «Креативті идеялар алаңы», «Болашаққа кәсіби қадам»,  «Жас маманның даму кеңістігі»   тақырыптарында  жұмыстар көрсетіп, тапсырмалар ұсынды. Әдістемелік жұмысқа  оқу орынбасарлары белсенді  қатысып, өз мектептерінде жүріп жатқан  тәлімгерлік қызметтің  ерекшеліктерін айтып, өз идеяларымен бөлісті.  Педагогикалық алаңда өткізілген ашық сабақтарға Алтынсарин жалпы орта мектебінің  мектеп директорының оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасарлары: П.Зинуллина, С.Кубашов, С.Шайхаденова және педагог-зерттеуші Б.Шиямеденовалар сындарлы кері байланыс берді. Педагогикалық алаңды аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Бахтыгереева Тоты Меңдіхановна қорытындылады.

 Кезекті өткен педагогикалық алаңда шығармашылық ізденіспен бөлісу,  жаңалығы бар тәжірибені насихаттау, жаңашылдық идеялардың тоғысуына мүмкіндік беретін, қолдау танытатын  бастамашыл жұмыс болды.  

 

Киюазова Мария Болатовна,

Б.Бегалиев атындағы жалпы орта мектебі

директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521