ҰСТАЗЫ ЖАҚСЫНЫҢ ҰСТАМЫ ЖАҚСЫ

(0 Votes)

«Бүгінгі заман білектің емес, білімнің заманы дегенді ескерсек, заман талабына сай дайындалған мұғалімнің шеберлігі мен жетістігі сапалы білім мен тәрбие алған шәкірттерінде болмақ» -дегендей, оқушылардың зерттеушілік, ғылыми ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында ұйымдастырылған аудандық ғылыми жобалар байқауынан қызым Манат Гүлнұр Мирасқызы облысқа жолдама алып, облыстан 2-орын иемденіп, этномәдениеттану секциясы бойынша тест тапсырып, жақсы нәтиже көрсетіп, Республикалық байқауға жолдама алды.

Облыстық Таланттарды анықтау және қолдау «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен Шымкент қаласында өткен Республикалық ғылыми жобалар байқауына қатысып, этномәдениеттану секциясы бойынша 3-орын, қола медаль иегері атанды. Жобаға Қазақстанның барлық өңірінен 700-ден астам оқушы қатысқан екен. Соның ішінде Атырау облысынан 19 оқушы қатысып, 3 қола медаль, 3 күміс медаль жеңіп алды.

«Жақсы мұғалім жақсы оқушыларды жасайды» дегендей, оқушының бойындағы дарындылықты анықтап, бағыт-бағдар берген, саналы ғұмырын ұстаздық қызметке арнап, қаншама дарынды оқушылардың дарындық қабілетін ашқан, өзгелерге үлгі боларлықтай жан, жоба жетекшісі Ермұханова Клара Олжабайқызының еңбегі зор.

Осындай әділ байқау ұйымдастырып, дарынды оқушылардың болашағының гүлденуіне септігін тигізіп жатырған Облыстық Таланттарды анықтау және қолдау «Дарын» орталығына, аудандық ғылыми жобалар байқауын ұйымдастырып, шын талантты анықтауға өз үлестерін қосқан Құрманғазы аудандық білім бөліміне, аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Балғаным Хасенқызына, қызым Гүлнұрдың 9 жыл бойы білім алған Еңбекші жалпы орта мектебіне осы орайда алғысымды білдіремін. Еңбектеріңіз жемісті болсын.

З.ШАХМЕТОВА,
ата-ана

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521