Ұстаздардың республикалық резервіне енді

(0 Votes)

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елімізде жүзеге асырылып отырған «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» стратегиялық жобасының негізгі мақсаты – білім беру жүйесін заманауи біліктілігі бар көшбасшылармен қамтамасыз ету.

Бұл жобасына іріктеу бес кезең бойынша жүргізіледі. Нәтижесінде кадр резервіне қабылданған педагогтер мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшы, бірінші басшының орынбасары бос лауазымдарына конкурстық рәсімдерден өтпей-ақ тағайындала алады. Жуырда жоба жеңімпаздары айқындалды. Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігінің республикалық кадр резервіне енгендердің қатарында Абай атындағы жалпы орта мектебінің математика және информатика пәні мұғалімі, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Бақытгүл Қайсағалиева бар. Бұл – ауданымыздың білім саласы үшін үлкен мақтаныш.

Бақытгүл Теміртасқызы 1976 жылы 31 қазанда Орлы ауылында дүниеге келген. 1998 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау университетін бітіргеннен кейін алғашқы еңбек жолын Ганюшкин мектеп-интернатында уақытша математика пән мұғалімі қызметінен бастаған. Бүгінде Абай атындағы жалпы орта мектебінде математика және информатика пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасап келеді. Пән мұғалімдігімен қатар сынып жетекшілік қызметінде қоса атқарды. 2017 жылдың қыркүйегінен бастап мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін, 2025 жылдың ақпанынан оқу ісі жөніндегі орынбасары. Саналы ғұмырының 27 жылын білім саласына арнап, шәкірт тәрбиесіне зор үлес қосып жүрген білікті, ұлағатты ұстаз.Атырау облысы Білім беру басқармасының Алғыс хатымен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен ұлығыланған. 

Жас ұрпаққа білім берудегі жетістіктерінің аз емес, бірқатарын атап өтсек, 2007 жылы республикалық «Үздік сабақ» байқауында бас жүлдені иеленді. Сол жылы облыстық «Білім беру жүйесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың маңызы» тақырыбындағы семинарға қатысып, тәжірибесі облыс көлемінде таратылды. 2008 жылы «Қазіргі білім беру ауқымындағы физика-математика ғылымдарының ролі» атты ІІ халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда «Бәсекеге қабілетті кәсіби маман даярлау және оқытудағы әдіс» атты баяндама жасап, баяндамасы жинаққа енді. 2010 жылы облыстық «Жыл мұғалімі- 2010» байқауына қатысып, ІІ орын иеленді. 2011 жылы «12 жылдық мектеп моделіне көшу» атты облыстық семинарда ерекше үлгідегі панорамалық сабағы үшін «Әдіскер мұғалім» номинациясымен марапатталды. 2013 жылы облыстық «Білім беру қызметкерлерінің кәсіби өсу-білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің шарты» тақырыбындағы ХІV педагогикалық оқуға қатысып, І орынды иеленіп, республикалық «Өрлеу» БАҰО АҚ сертификатына ие болып, жұмысы жинаққа енді.

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT