Ұстаз деген жарық күні ғаламның

(0 Votes)

Абай атындағы жалпы орта мектебінде аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Ұстаз аты - биік,әрі мәңгілік» атты ардагер мұғалімдерді ұлықтау кеші өтті.

Оған білім саласының майталмандары мен сол жолдағы педагогтар, мектеп басшылары қатысты. Шараны аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлфара Өтемісқызы алғысөзбен бастап, шәкірт тәрбиелеуде ерен еңбек еткен бала жанының бағбандарына алғыс хат пен естелік сыйлақтар табыстап, Еңбекші ЖОБ МДТЖО Клара Ермұханова Ыбырай Алтынсарин төс белгісімен марапаттады.

Сонымен қатар, арнайы шақырылған қонақ - ардагер ұстаздар кеңесінің төрағасы Нұрлығайын Нұғманов еңбегінің зейнетін көріп отырған мұғалімдерге облыс әкімінің алғыс хатын жеткізді. Оған қоса, аналар кеңесінің төрайымы Балғаным Хасенова өңіріміздің білім сапасын көтеріп, атын асқақтатуға үлес қосып, зор жетістіктерді қанжығалап жүрген оқу ордасының директорларына құрмет білдіріп, алғыс хатпен бірге мерекелік сыйын ұсынды. Жиын соңы әсем ән мен тәтті күйге ұласып, өз деңгейінде аяқталды.

 

Жайдарлым Қайреден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521