Спорт жарысында топ жарды

(0 Votes)

Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 18 мамыр күні жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері арасында үстел теннисінен аудандық іріктеу жарысы өтті.

Мектебіміздің атынан қатысып жүлделі II орынды тарих пәнінің мұғалімі Сұлтанова Азиза, III орынды дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Төлеуішов Оралбек, тоғызқұмалақ ойынынан жүлделі III орынды химия пәнінің мұғалімі Құспанова Наурызгүл жеңіп алды.

Сонымен қатар, аудандық іріктеу жарысында кіші аяқ добынан М. В. Ломоносов мектебі жүлделі I орынды иемденді.

Жүлдегерлерді жеңісімен құттықтай отыра, бағындырар белестеріңіз көп болсын деп тілек білдіреміз.

 

Берік Анесов,

М. В. Ломоносов атындағы орта

мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521