Шортанбайлық Асан - физиканың РhD докторы

(0 Votes)

Асан Рамазанұлы – жасынан оқу-білімге құштар, физика пәнін сүйетін, білім алушылардың алды болған менің сүйікті оқушым. Ауылға ат басын тіреген кезде, сәлемін беріп, жағдайымды сұрамай, алып шаһарға кетпейтін қарапайым қыр баласы.  

Шортанбай орта мектебін 2012 жылы тәмамдаған соң, арман қуып Алматыға аттанды. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне грантқа түсіп, ата-ана мен ұстаздарының үмітін ақтаған еді. Студенттік кезден бастап ғылымға деген қызығушылығының арқасында 3-курстан бастап эксперименттік және теориялық физика ғылыми зерттеу институтында лаборант ретінде алғаш еңбек жолын бастады. Жұмысының негізгі аясы – плазманы эксперименттік түрде зерттеу болып табылады. Ғылыми зерттеу жұмысын жалғастыру мақсатында 2015, 2016, 2019 жылдары Санкт-Петербург мемлекеттік университетінде ғылыми тәжірибеден өтті. 2018 жылы магистратураны, 2021 жылы докторантураны тәмамдап, желтоқсан айында физика мамандығы бойынша Ph.D докторлық диссертацияны сәтті қорғап шықты.

Қашанда бастаған ісімен, еңбектегі жетістігімен бөлісіп отыратын Асан, қазіргі таңда өзі оқыған қара шаңырағының физика-техникалық факультеті бакалавр студенттеріне дәріс оқумен қатар, университетке қарасты «инженерлік бейінді зертхана» меңгерушісі болып тағайындалып, ғылыми жұмысын әрі қарай жалғастыруда.

asan-ramazanly

Асан Рамазанұлының ғылыми нәтижелері Ресей, Португалия, АҚШ, Жапония және т.б мемлекеттерде өткен халықаралық конференцияда талқыланып, мемлекет тарапынан да оң бағасын алып келеді. Үнемі ізденіс пен қажырлы еңбегінің нәтижесінде жас ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендияның иегері атанды.

«Ұстаздан шәкіртінің озғанын» көру – білім берген педагог үшін зор бақыт. Партада отырып, қарапайым тартылыс заңының формуласын үйреткен оқушымның биік белесіне балаша қуанымын. Асандай елінің атын асқақтатар  түлектеріміздің қатары арта берсін!

asan-ramazanly-1

 

Светлана Бақтығалиқызы

Ардагер ұстаз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT