Әселханның алғашқы «Гран-приі»

(2 Votes)

Ломоносов атындағы жалпы орта мектептің 4 сынып оқушысы Сахташева Әселхан Әсетқызы жалпы білім беретін мектептердің 1-7 сынып оқушылары арасындағы зерттеушілік жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» облыстық байқауына «экология, валеология» секциясы бойынша қатысты.

Әселхан өзі өсіріп отырған белгілі «Ниндзя тасбақалар» мультфильміндегі кейіпкерлердің есімдерімен Раф, Микки, Дони деп атаған ұлуларын зерттеп, олардың мінез-құлықтарын, табиғи ерекшеліктерін шағын ғылыми еңбегіне арқау етті. «Ахатин ұлулары – үй жануарларының мінсіз үлгісі» тақырыбы шығармашылық жобасы жүлделі І орынды иеленіп, республикалық байқауға жолдама алған болатын.

Жақында Бурабайдағы «Балдәурен» лагерінде өткізілген зерттеушілік жұмыстары мен шығармашылық жобаларының XV республикалық «Зерде» байқауында да Әселхан ниндзя ұлуларымен қазылар алқасын тәнті етіп, «Гран-придің» иегері атанды. Жобаны жүзеге асыруға дайындаған ғылыми жетекшісі Венера Зинуллина.

А.МЕЙІРМАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT