Сатқан​ Есенғалиев екінші тоқсанда оқудың қалай жалғасатынын айтты

Рейтинг: 0 / 5

Мектептерде оқу процесі бірінші тоқсандағы режимде жалғасады. Бұл туралы ​ Атырау облыстық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облыстық Білім беру басқармасының басшысы Сатқан​ Есенғалиев​ айтты, деп хабарлайды облыстық Білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

Спикер​ коронавирус инфекциясының әлемде және еліміздегі жағдай тұрақты емес екендігін атап өтті.

«Біз ​ үшін ​ балалардың өмірі қашанда қымбат. Балалардың​ қауіпсіздігін сақтау мақсатында Бас санитарлық дәрігердің қаулысын негізге ала отырып, қашықтықтан оқыту жүйесін жалғастырып отырмыз», деді Сатқан Есенғалиев.

«2020-2021 оқу жылында 134​ 838 оқушысы бар 196 мектеп жұмыс жасайды. Облыстың жалпы білім беретін мектептерінде оқу жылының 1-тоқсанында оқу процесі 3 бағыт бойынша ұйымдастырылды. Шалғайда орналасқан шағын жинақталған штаттық режимдегі 21 мектепте 1296​ оқушы қамтылған. 175​ мектепте 108​ 713​ оқушыларға оқу үрдісі қашықтан оқыту технологиясы бойынша ұйымдастырылды. Ал, 164​ мектепте 1-4 сыныптың 25​ 023 оқушысын қамтитын 1887 кезекші сыныптар ұйымдастырылған», деді Сатқан Ыбырайұлы.

Айта кетелік, бүгінгі таңда облыста 21 шағын жинақты мектептерде оқушылар штаттық режимде білім алуда.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика