«Samgau»: тұңғыш түлектер форумы сәтті өтті

(0 Votes)

Жуырда Атыраудағы NIS-те тұңғыш рет «Samgau» түлектер форумы өтті. Басты тақырып – «EdGiving Alumni NIS: сүйікті мектепке оралу».

Ауқымды шараға 2015-2022 жылдар аралығында мектеп бітірген 40 түлек қатысты. Оның 30-ы бүгінде өз еліміздің белді жоғары оқу орындарында, ал 10-ы шет мемлекеттердегі университеттерде өз білімін жалғастыруда.  

Ашылу салтанаты сәтті өткен соң шара сессия бағдарламасына ұласты. Жиналған қонақ түлектер өз оқу орындары туралы нақты әрі түсінікті мәліметтер беріп, оқушылар тарапынан үнемі қойылатын маңызды сауалдарға жауап берді. Мәселен, түлектерге «Мамандық таңдауда неге баса мән беру қажет?», «Халықаралық емтихандарға дайындық тәртібі қандай?», «Университет қабырғасында кездесетін алғашқы қиындықтармен қалай күрестіңіз?» сынды сауалдар қойылды.  

–    Сессиялар өте тыңғылықты ұйымдастырылған. Оқушылар белсенділігіне сөз жоқ. Әсіресе, Назарбаев Университетіне оқуға түсуге ниетті оқушыларды барлық қажетті ақпаратпен қамтамасыз етуге тырыстым. Foundation мен бакалавриат оқу бағдарламаларының айырмашылықтары мен ерекшеліктерін жіктеп бердім. 1-курс студентіне, әрине, оқу жүйесінде көптеген қиындық кездесуі мүмкін. Бастысы, өз күшіңе сенуің қажет, – деді Астана қаласындағы Назарбаев Университетінің студенті Раушан Китарова.

Ал, жабылу салтанатында NIS туралы түрлі сауалдарға жауап берген белсенді қатысушыларға NU Alumni атынан түрлі брендтік сыйлықтар табысталды.

–    Сыныптастарыммен, мектеп қабырғасындағы достарыммен, сүйікті ұстаздарыммен қауышқаныма өте қуаныштымн. Оқушылардың қазіргі толқынын түбегейлі танымасам да, олардың бағыттарын, алға қойған мақсаттарын біліп, жақынырақ танысу маған үлкен әсер сыйлады, – дейді Кореядағы  KAIST университетінің студенті Арсений Кан.

Сағыныштарын басып, ерекше әсерге бөленген түлектер бұл шараның әр жыл сайын дәстүрлі жалғасын табуын тіледі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521