Руфина – «Жыл мұғалімі»

(0 Votes)

Еңбекші жалпы орта мектебінде «Жыл мұғалімі-2019» байқауы өтті.

Мақсаты – шығармашылықпен жұмыс істейтін, заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияны меңгерген, жоғары интеллектуалды деңгейдегі дарынды ұстаздарды анықтау.

Оған мектебімізден 7 мұғалім қатысуға ниет білдірді. Байқау шарты бойынша олар педагогтің кәсіби біліктілігіне негізделген идеялар таныстырылымы, тақырыптық-күнтізбелік жоспар бойынша ҚМЖ құру және сандық ресурстар арқылы жаңартылған білім мазмұны бойынша тест тапсырмаларын орындау секілді бағыттар бойынша өз тәжірибелерін ортаға салды. Соңында, I-санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Руфина Капизова «Жыл мұғалімі-2019» атағын жеңіп алды. Ал байқауға қатысушылар түрлі номинациялармен марапатталды.

Жеңімпаз болған Руфина мектептің кәсіподақ ұйымы атынан ескерткіш сыйлықпен ұлығыланды.

Гүлшат Қарабалаева,

Еңбекші жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Күнтізбе

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21