Роза - «Үздік ауыл әкімі»

(0 Votes)

15 тамызда «Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсының I кезеңі, яғни Атырау өңірлік деңгейіндегі (облыстық деңгей) конкурстық комиссияның отырысы өткізілді.

Аталған байқаудың мақсаты – жұмыста жоғары тәжірибелік нәтижелерге қол жеткізген, ауылдық елді мекендердің дамуына елеулі үлес қосқан үздік ауыл әкімдерін анықтау және көтермелеу болып табылады.

​Бұл ретте, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында конкурсқа қатысқан үміткерлердің ауылдық округті дамытуға бағытталған жобалық жұмыстары мен қызметтері бағаланды.

3d4654dd-e936-4902-aed3-a74ac76c5f2c

Нәтижесінде, ауылдық округ әкімдерінің арасынан Құрманғазы ауданы Сафон ауылдық округінің әкімі Роза Камзаева өңірлік конкурстың жеңімпазы атанды. ​ ​

Сәйкесінше, конкурстық комиссия шешімімен Р.Камзаева республикалық кезеңде Атырау облысының атынан қатысатын болады.

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT