Құрманғазылық ұстаздар топ жарды

(0 Votes)

Әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен химия және биология пәні мұғалімдері арасында «Екі ғылым тоғысы»  интеллектуалды байқауы өтті.

Қазіргі білім беру үдерісінің негізгі мақсаты – оқушыны оқыта отырып, оның ой еркіндігін, белсенділігі мен іздемпаздығын қалыптастыруға, сондай-ақ өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.

Пән бойынша білім алушылардың сауатты болуы үшін ең алдымен мұғалімнің педагогикалық құзыреттілігі жоғары болуы тиіс.

Осыны басшылыққа ала отырып ұйымдастырылған «екі ғылымның» тізгіншілері командаға бөлініп, екі кезеңнен өтті.

Ережеге сәйкес, жеті аудан және қалаға бөлінген команда мүшелері  екі химия пәнінің және екі биология пәнінің мұғалімінен тұрды.

08b63487-87ad-41e2-b80f-7f324fa42d4f

Бірінші бөлімде сайыскерлер есептер шығаруда теориялық  білімдерін  және  функционалдық сауаттылықты негізделген  тапсырма түрлерін талдаса, екінші бөлімде  екі пән бойынша  оқу бағдарламасында жоспарланған   практикалық тапсырмаларды орындауы бағалау критерийлеріне сай бағаланды.

Қазылар алқасы  қатысушылардың  теориялық   көрсеткіштерін   және практикалық    дағдыларын   бағалай  отыра  төмендегідей  шешім шығарды.

Үшінші дәрежелі дипломға  Махамбет ауданының мұғалімдерінен құралған  команда,  екінші  дәрежелі дипломға    Индер ауданының командасы, ал бірінші орынға Құрманғазы ауданынан  құралған  команда мүшелері лайық деп танылды.

Сонымен қатар командалар арасынан  аталған пәндер бойынша   көшбасшылар анықталды.   

Айталық, биыл өңірдің «Үздік биолог» атағын Индер ауданы  Көктем орта мектебінің мұғалімі Алия Ергалиева,  «Үздік химик»  атағына Мақат ауданы О.Сарғұнанов атындағы орта мектептің химия пәні мұғалімі   Айман Сулейменова иеленді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521