Құрманғазылық педагогтар кәсіби білімдерін жетілдіру курстарынан өтті

(0 Votes)

Жалпы, жаңа оқу жылына білім беру ісінің мамандары қалай әзірленді? Көкейдегі сан түрлі сауалдарға жауап іздеп аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлфара Құбаевадан сұхбат алған едік.

-Өткен «төтенше» тоқсанда қашықтан оқыту жүзеге асты. Бұл онлайн нұсқада білім беруде педагогтар азды –көпті тәжірибе жинады. Мұғалімдердің қазіргі дайындығына тоқталып өтсеңіз.

-2020-2021 жаңа оқу жылының І оқу тоқсанын қашықтан окыту жоспарланып отыр. Қай уақытта да ізденістен жалықпайтын ұстаздар қауымы өзгеше басталатын жаңа оқу жылында кәсіби білімдерін жетілдіруден қалыс қалмады. 2020 жылдың 27 шілде-3 тамыз аралығында педагогикалық шеберлік орталығынан онлайн форматында аудан мектептерінің мұғалімдері «Қашықтан оқытуды үйренемін» тақырыбында 5 модульден тұратын курстан өтіп, сертификат алды. Бұл жерде педагогтің екі құзіреттілігі жетілдірілді, біріншісі – IT, екіншісі- методология.

Осылайша олар қашықтан оқытудың технологиясымен, әдістемесімен жіті танысты. Одан басқа аудандық білім бөлімі Microsoft Teams, Bilim Land , Daryn online, Opik.kz платформаларымен тікелей байланыс жасады. Мектеп директорлары және программалаушы мамандармен кездесу жасап, осының ішінен тиімді платформаны тауып алуға тырыстық.

Сонымен қатар, аудан мұғалімдері биылғы жазғы еңбек демалыстарында қашықтан оқытудың қыр-сырын меңгеру үстінде. Мәселен, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, математика , тарих пәні мұғалімдері Daryn online платформасы арқылы «Онлайн педагог» курсынан өтіп, білімдерін жетілдірсе, көптеген мектептердің бастауыш сынып, қазақ тілі мен әдебиеті,тарих пәні мұғалімдері Ютуб каналына сабақтарын жүктеп, электронды форматтағы топтамасын дайындау үстінде. Ең бастысы, бұл жұмысты ұйымдастыру оқушыларға сапалы білім беруде оң ықпалын тигізіп, педагогтің ақпараттық сауаттылығы деңгейін жоғарылататыны сөзсіз.

Сондықтан, қашықтан оқыту арқылы басталатын жаңа оқу жылына біздің педагогикалық қауым жаңа серпіліспен келеді деген сенімдемін.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521