Құрманғазылық оқушы ертегілер байқауының жүлдегері атанды

(0 Votes)

"Тұңғыш рет Атырау облысы тұрғындары арасында өткен конкурс жеңімпаздарының ертегілері байқаудың республикалық кезеңіне қатысады"   деп хабарлайды ATPress.kz

Облыстық конкурстың бас жүлдесін Индер ауданындағы Шоқан Уәлиханов орта мектебінің 9 сынып оқушысы Анелия Рахметолла жеңіп алды.

І орынды  Құрманғазы ауданы, Абай атындағы орта мектептің 7 сынып оқушысы Нұрайна Нұрдәулетқызы  алды.

ІІ орынды "Атырау - Ақпарат" ЖШС, "Жаңа медиа" бөлімі жетекшісі Баян Жанұзақова,

ІІІ орынды N2 Атырау қалалық емханасының медбикесі Жансая Самиғоллаева иеленді.

Сондай ақ, Мейірім Ердәулет, Алмагүл Қайырлиева, Есенкулова Нұржамал, Қонысбай Нұрайым, Есенова Айнұр, Нәбиден Анелла ынталандыру сыйлығына лайық деп танылды.

"Жеңімпаздардың барлығына қаржылай сертификаттар табыс етілді. 28 маусым мен 27 шілде аралығында өткен конкурсқа 30-ға жуық өтінім келіп түсті. Жеңімпаздарды белгілі ақын Бақытгүл Бабаш бастаған комиссия мүшелері анықтады.

Үздік жұмыстар Қазақстан халқы ассамблеясы ұйымдастырып жатқан "Ертегілер елінде" конкурсының республикалық кезеңіне жолданады. Және арнайы жинаққа жарияланады" дейді Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесі директорының міндетін атқарушы  Ләззат Кеңесқызы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521