Құрманғазыда педагогтар басқосуы ерекше форматта өтті

(0 Votes)

С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде ұйымдастырылған, «Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбындағы  аудан педагогтарының тамыз кеңесі биыл ерекше форматта өтті.

Аталған шараға аудан әкімінің міндетін атқарушы Гүлнар Хасанова, ардагер ұстаздар, дербес бөлім басшылары, округ әкімдері, ата-аналар, оқушылар парламентінің төрағалары қатысты.  Алдымен ұстаздардың күнделікті қарбалас тірлігі – ата-аналармен, оқушылармен  жұмыстағы жетістіктер, мектеп парламенті, панельдік секция және басқа да атқарылған шаралардан хабардар ететін бейнеролик көрсетілді.

e3a0ff13-763c-498f-9f9c-27bef97b5af4

Тамыз кеңесінің ресми бөлігі 2021-2022 оқу жылының қорытындысын, ауданның білім саласының қазіргі жай-күйін, жетістіктері мен кемшін тұстарын, алдағы міндеттерді қамтыған спикерлердің талдамалық- диалогтық пікір алмасуы түрінде ұйымдастырылды. Диалогтық алаң модераторы, аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлфара Құбаева шараны ашып: – 19-20 тамыз аралығында ауданымызда пәндік және панельдік секциялар өтті. Пәндік секцияларға ауданымыздан 1500-ге жуық ұстаздар қатысқан болатын.

Онда пәннің мазмұндық әдістемесі, технологиясы жөнінде кеңінен талқыланды. Сондай-ақ пәндік секцияларға облыстық әдістемелік орталықтың ұстаздарымен қатар  білімді де білікті басшылары атсалысып, осы жұмысқа бағыт берді. Осыған қоса саламыздағы мәселелерді, соның ішінде білім сапасын жетілдіруді, оған ықпал ететін негізгі факторларды, отбасы тәрбиесін, ұлттық құндылықтарды тереңнен  талдау-түсіндіру үшін панельдік секциялар да өткізілді. Панельдік секциялардың жетекшілері тағайындалып, ауданымыздың 150-ге жуық ұстаздары тартылды.

Бүгінгі таңда осы шараға сол панельдік секцияларға жетекшілік жасаған спикерлерді шақырып отырмыз. Оның жалаң ұран, жәй ғана өткізіле салған шаралар тізбектіктерімен шектелмеуіне, әрбірі баланың құқын қорғауға, әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталуына баса назар аудардық,- деп ортаға аудан әкімінің міндетін атқарушы Гүлнар Хасанова, спикерлер Толқын Әжіғалиева (Ломоносов), Жамал Хасанова (Абай), Ұлан Иманғалиев (Имашев), Айжамал Арыстанова (аудандық білім бөлімі), Клара Қажымғалиева (№5 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті), Ұлмекен Сапарова (аудандық ата-аналар комитетінің төрайымы), Гүлнұр Манатты (Еңбекші орта мектебі оқушысы)  шақырды.

Алғашқы сөз берілген аудан әкімінің міндетін атқарушы Гүлнар Хасанова ауданымызда білім саласында жасалып отырған жұмыстар жайлы қысқаша тоқталып, мүгедектерді оңалту бағдарламасы аясында 260 мүмкіндігі шектеулі  балалар  техникалық көрнекті құралдармен, гигиеналық және протез-ортопедиялық бұйымдармен, санаториялық-курорттық емделу және басқа қызмет түрлерімен қамтылып отырғанын жеткізді. Қаржысы бюджетке салынып, қазіргі күні жүзеге асуда. Протез-ортопедиялық құралдар бойынша аяқ киіммен мерзімдеріне сәйкес -69, жетек арбамен -2, арнаулы жүріп-тұру құралдарынан  бөлмелік, серуендік кресло-арбалармен -6 бала қамтылған.

Ауданымыздағы зейнеткерлер мен мүгедектерге арнаулы қызмет көрсету орталығындағы мүмкіндігі шектеулі 71 бала бар. Оның  51-не, үй жағдайындағы 20 балаға 8 бағыт бойынша жартылай стационарлық көмектер көрсетілуде. Орталық 2 инвотаксимен қамтылған. Осыларды айта келе аудан әкімінің міндетін атқарушы Гүлнар Әдебиетқызы мүмкіндігі шектеулі балалар ауданымыз бойынша көп болуына, қазіргі орнының тарлық етуіне байланысты 500 текше метрлік ғимарат сатып алынып, күні бүгінде оған қайта жаңғырту жұмыстары жасалып жатырғанын, алға қарай ана мен баланы қорғау орталығы  ашылғалы отырғанын  жеткізді.

  Диалогтық алаңда әрбір спикер өзекті мәселелерге қатысты бірін-бірі қайталамайтын,  тың ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Абай орта мектебінің директоры, спикер Жамал Хасанова мектеп басшыларының сапалық кадрлық әлеуетін арттыру қажеттігіне, Ломоносов орта мектебінің директоры, спикер Толқын Әжіғалиева ҰБТ баланың 11 жылғы білімінің нәтижесі екеніне тоқталды. Аудандық ата-аналар кеңесінің төрайымы  Ұлмекен Сапарова оқушының үлгерімі жайлы ақпарат, Имашев орта мектебінің ұстазы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Ұлан Иманғали авторлар кеңесін құрып, арнайы әдістемелік кітаптар шығару, аудандық білім бөлімінің әдіскері, «Дарын» бағдарламасының жетекшісі, спикер Айжамал Арыстанова  ата-ана, бала, мұғалім төрттігімен бірлесе отырып «Көкжиек» қауымдастығын құру, аудандық №5 психологиялық-педагогикалық  түзеу кабинетінің директоры Клара Қажымғалиева түлектерді дефектолог-логпедтер жетіспейтіндіктен осы мамандыққа оқуға шақыру, Еңбекші орта мектебінің оқушысы, мектеп парламентінің төрайымы Гүлнұр Манат дебатты дамыту, оқушыларды еңбекке баулу жайлы сөз қозғады.

Тамыз кеңесінің бірінші бөліміндегі спикерлердің талдамалы диалогтық пікір алмасуын аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлфара Құбаева қорытындылап, ауданымыздың білім саласы  2 жыл қатарынан тәрбие бойынша облыста І орыннан түспей келе жатырғанын жеткізіп, әріптестерін алдағы күндерде де осы үрдістен жаңылмауға шақырды.

f8335e12-48fd-429f-8c6f-378c9a27c6f1

Шараның екінші бөлімі марапаттау рәсіміне ұласты. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Гүлнар Хасанова мен аудандық мәслихаттың депутаты Гүлжанат Қалиева «Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, ардагер ұстаз Жібек Қисымоваға «Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы» төсбелгісін табыс етіп, көк лентасын жапты. Ардагер ұстаздар Қадырбай Аманғалиев, Оралбек Ғарифолла  Қазақстан Республикасы  Оқу-ағарту министрлігінің «Еңбек ардагері» меділімен, Таңатар Харесов, Гауһар Нұғыманова, Жанар Бақтыгереева жоғарыда аталған министрліктің Алғыс хатымен, Алма Садихова Құрмет грамотасымен, мектеп директорлары Шынар Исатаева, Балнұр Дүйсекенова облыс әкімінің Алғыс хатымен ұлығыланды. «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Өмірболат Есенғазиев облыстық, аудандық мәслихаттардың, аталған партияның Алғыс хаттарын бір топ педагогтерге табыстады.

3eb82410-9a7f-4006-9d41-8917d03c4515

Аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлфара Құбаева облыстық білім басқармасының Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттарымен, аудандық білім бөлімінің Алғыс хаттарымен бір топ ұстаздарды марапаттау рәсімін жасады. Сонымен қатар, 2021-2022 оқу жылының қорытындысмен бір топ мектептер мен балабақшалар түрлі аталымдарды иеленіп, мерейлері үстем болды. Аудан өнерпаздары Құралай Құдиярова «Халық термесін», Гүлзада Кенжешова «Туған жерім» әнін орындады.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT