Құрманғазыда мектепте жаңа асхана пайдалануға берілді

(0 Votes)

Халқымыз ежелден «Ауру – астан» деп ескерткен. Немесе «Ас-адамның арқауы» деп оның маңыздылығын айтады. Бүгінде тағам түрі көп болғандықтан, кейбір адамдардың тамақтану мәселесінде қайшылықтар туындап жатады. Әсіресе, балалар не ішіп жүр деген орынды сұрақ әрбір ата-ананың көкейінде тұратыны анық.

Қазіргі таңда мемлекет тарапынан балалардың тиісті деңгейде тамақтануы үшін мектептерге лайықты қолдау көрсетуде. Соның бір дәлелі – ауданымыздағы Б.Бегәлиев атындағы жалпы орта мектептің асханасы жаңа үлгіде балғындарға есігін айқара ашты.

Әрдайым жаңашылдықты, креативтілікті құп көретін мектеп директоры Гүлжанат Қалиева биыл асхананы жөндеуді қолға алғанын, ағымдағы жөндеуден өткізуге 5900,0 мың теңгеге «Арсен» жеке кәсіпкерлігімен шілде айында келісімшарт жасақталғанын айтты. Жұмыстар уақытында аяқталып, әдемі дизайнмен көркемделген асхана бүгінде қызметін көрсетуге кіріскен.  

- Қазіргі таңда мектеп асханаларына мән беру маңызды болып тұр. Балалардың таза, жайлы орында тамақтануын ең бірінші кезекте естен шығармауымыз керек деп ойлаймын. Өйткені, келешек ұрпақтың денінің сау, өмір жасының ұзақ болуы оның сапалы тағаммен тамақтануына тікелей байланысты . Сондықтан, күнделікті ас мәзірін үнемі жеке қадағалауымда ұстаймын. Жаңа оқу жылында асханадан 1-4 сыныптан  331, 5-11 сыныптан 50 оқушы тамақтанып отыр – дейді мектеп басшысы  Г.Қалиева.

Айнагүл Шакупова

  ​​​​​​​

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521