Құрманғазыда қашықтан оқытудың сынама сабағы өтті

(0 Votes)

Бүгін республика бойынша барлық мектептердің оқушылары қашықтан оқудың сынама сабақтарын өткізді.

Онлайн оқыту Zoom платформасы арқылы жүргізілді. Әрине, ауылдық жерлер үшін интернет жылдамдығының мәселесі қиынға соғып отыр. Өйткені, оқушылар бір уақытта мұғаліммен байланысқа шыға алмайтыны белгілі.

Біреуі ерте, біреуі кеш қосылуда. Осы жерде оқытушы әр баланы конференцияға қосқан кезде онлайн отырған балалар байланыстан ажырап қалуда. Олар енді конференцияның идентификаторы мен паролін теріп, қайтадан кіруіне тура келеді. Осыдан сабақтың уақытын жоғалтып алуда.

«Мұғалімнің даусы естілмейді, байланыс нашар, қатып жатыр» деп ата-аналар тарапынан уәждер айтылуда.

Бір пәннен келесі пәнге өту де қиынға соғуда. Сонда бұл оқу көпшіліктің көңілінен шығып жатқан жоқ.

Мүмкін онлайн оқытуды біз дұрыс меңгере алмай жатқан шығармыз, алайда көзбен көріп, білгеніңді бөліскенге және білмегеніңді мұғалімнен сұрағанға ештеңе жетпейті белгілі.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521