Әуезов мектебінде 97 бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттады

(0 Votes)

Әуезов атындағы жалпы орта мектебінде 1 қыркүйек – Білім күніне арналған «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм» атты алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өтті.

Шараға қатысушылар ҚР-ның Мемлекеттік Туына қарап сап түзеп, жүрек тұсына қолдарын қойып Мемлекеттік Гимнді орындады. Алғашқы құттықтау сөз алған мектеп директорының міндетін атқарушы Гаухар Құбашова биылғы жылы білім ұясына  734 оқушы келгенін оларға 100 мұғалім дәріс беретінін, 97 бүлдіршін мектеп табалдырығын алғаш аттағанын қаперге беріп, өткен оқу жылында білім сапасы 52 пайызды құрағанын, 23 түлектің 3-еуі жоғары оқу орнының, 10-ы колледждің грантын ұтып алғанын еске салды.

9b8f3069-3ed4-4f1b-8c44-23f80c288286

Шара қонақтары аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағынжан Рахимов, аудандық білім бөлімінің әдіскері Клара Керешова, ата-аналар атынан Жазира Мадирова  жүрекжарды лебіздерін білдіріп, ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. 1 сыныпқа келген балақайлардың концерттік бағдарламасы тамашаланды. Білім алушыларға құшағын кең ашқан оқу ордасы алдында керілген лента қию рәсімін 11 сыныптың үздік оқушылары мен 1 сыныптың бүлдіршіндері жасады. Алтын ұяға асқан құлшыныспен, тың серпінмен енген шәкірттерге Білім күнінің алғашқы сынып сағаты ұйымдастырылды.    

 

Айнагүл Шакупова                                

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521