Республикалық ғылыми жобадан "Алғыс хат" иеленді

(0 Votes)

Биылғы 2022-2023 оқу жылы ауданымыздағы іргелі оқу орындарының бірі М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебі үшін табысты жыл болды деп ойлаймын.

Мектебіміздің ойы озық шәкірттері Амангельдиева Аяна (жетекшісі химия пәні мұғалімі Унгалиева С.М.), Умбетова Альбина (жетекшісі орысы тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Хусаинова Г.С.), Телятова София (жетекшісі мемлекеттік тіл пәні мұғалімі Хасанова Г.Р.) республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңінің жүлдегерлері атанып, облыс қорытындысымен мектебіміз «Ең үздік олипиадалық ауыл мектебі» номинациясына ие болды. Бұл – осы мектеп мұғалімдерінің жыл бойы тынымсыз еңбектері мен дарынды шәкірттеріміздің білімге деген құштарлығының нәтижесі деп білемін. Осындай дарынды шәкірттеріміздің бірі Ғизатуллаева Сабина Бекболатқызы аудандық ғылыми жобалар байқауынан І орын иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алған болатын. Жетекшісі тарих пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Ажғалиева Заря Хайроллақызы.

Сабина «Жұмабек Тәшенов – мемлекет қайраткері» тақырыбындағы ғылыми жобасын сәтті қорғап, облыстан топ жарып жүлделі ІІ орын иеленіп, республикалық кезеңге де жолдама алды. 9-11 сыныптар арасындағы ғылыми жобалар байқауының республикалық кезеңіне өткен Құрманғазы ауданы бойынша жалғыз оқушы болатын. Құрманғазылық жас дарын жетекшісінің басшылығымен үздіксіз дайындалып, республикалық кезең алдындағы тест сынағынан да сүрінбей өтті. Ойлы да озат оқушымыз 2023 жылдың сәуір айының басында өткен ғылыми жобалар байқауының республикалық кезеңінде «Алғыс хатқа» ие болды. Осылай мектеп, аудан, облыс намысын қорғаған Сабинаға алдағы асулардан да сүрінбей өтіп, биіктерден көріне бер демекпіз. Ал, осындай шәкірт даярлап, білім көгіне алып шыққан тәжірибелі ұстаз Заря Хайроллақызына мықты денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз.

Бахтгереева Ақбөбек Ислямқызы,

М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің педагог ұйымдастырушысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521