«Рефлексия және кері байланыс»

(0 Votes)

Ломоносов атындағы жалпы орта мектебінде желілік қоғамдастықтың Назарбаев зияткерлік мектебінің тәжірибесі негізінде аудандық оқу-әдістемелік семинары өтті.

Оған Еңбекші, Гагарин, С. Мұқанов, М.Әуезов, Д.Нұрпейісова, Құрманғазы, Гоголь мектептерінен, З.Серікқалиұлы атындағы мектеп-интернатынан барлығы 22 мұғалім қатысты. Семинардың тақырыбы: «Рефлексия және кері байланыс». Мақсаты – рефлексия және кері байланыс әдістерін сабақта тиімді қолдану, жоспарлау, оқушыларды аталған процеске жұмылдыру, әдіс-тәсілдерді тәжірибелік түрде әріптестерімен бөлісу. Семинардың әдістемелік бөлімінде мектеп директоры Т.Ажығалиева «қазақ және орыс тілдерінде «Рефлексия и обратная связь» коучингін өткізді.

Ж. Шайхиева, Б.Төлеуішов, И.Юсупова, А.Менжанова, Т.Ажығалиева, Д. Мұқышева сынды ұстаздар ашық сабақтарын ұсынды. Цифрлық технологияны қолдануда қатысушылар белсенділік танытып, өз пікірлерін білдірді. Оқушының сабақ барысында жеке қабілеттерін дамыту үшін «Дифференциалды оқыту», «Модерация» тақырыбында да семинарлар өткізу жөнінде ұсыныстарын енгізді. Оқу ісінің меңгерушісі А.Артмұхамбетова семинарға рефлексия жүргізді. Кері байланыс нәтижесі бойынша мұғалімдер сабақтың тәжірибелік маңыздылығын жоғары бағалады.

Қ.Қыдыршаева,

Ломоносов атындағы жалпы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521