«Ұстаздық –ұлық емес, ұлы қызмет.
Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасаң, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да солай ардақтауға міндеттіміз»,-деп халық батыры Бауыржан Момышұлы айтқандай, ұстаз есімі әрдайым құрметке ие.
Биылғы жыл ұстаздар қауымы үшін жағымды жаңалықпен басталды. Мектеп мұғалімдерімен мемлекет тарапынан қолдау тапқан «Педагог мәртебесін» айқындайтын Заң жобасымен кеңінен таныстық. Төрт бағытты қамтыған жобадан ұстаздардың құқықтарын кеңейту және өзіне тән емес жұмыстан босату, жүктемесін азайту, материалдық ынталандыру мәселелері де шет қалмаған. Аталмыш Заңның 5-бабында көзделген жас маманның «Ант қабылдауы» құптарлық бастама деп ойлаймын. Себебі педагог ұлттың болашағын қалайтын, өскелең ұрпақты тәрбиелейтін жауапты тұлға екенін сезіне алса ғана, қызметін адал атқарарына еш күмәнім жоқ.
Меңсұлу Маштаева,
Сүйіндік жалпы орта мектебінің директоры