Қосымша білім беру саласына үлес қосқандар марапатталды

(0 Votes)

Бүгін Әдістемелік орталықта облыс көлеміндегі қосымша білім беру ұйымдары жыл қорытындысын шығарды.

Мерекелік іс-шараны алғы сөзімен ашқан Әдістемелік орталық директорының орынбасары Аққу Орынбасарова қосымша білім беру жағдайында оқушылардың шығармашылық әлеуеті артып, бос уақытын толыққанды ұйымдастыруға мүмкіндік болатынын атап өтті.

Расында, еліміздің бүгінгі білім беру жүйесіндегі оң өзгерістер қосымша білім берудің маңызын арттыруда.

Бұл бағытта жыл бойы бірқатар жоба жолға қойылып, ауқымды істер атқарылды.

Іс-шара барысында осындай қызметтерді бірлесе жүзеге асыруға атсалысып, қосымша білім беру саласы қызметінің тиімділігін арттыруға үлес қосқан ұйым басшылары мен демеушілер марапатталды.

Олардың қатарында «Nomad тимбилдинг» атқа мінуге үйрету шеберлік сыныбына демеушілік жасаған Өнербай Жанбала, «Балалық шақтың бал дәмі» балмұздақ тарату акциясына демеушілік еткен Салтанат Мирамқызы, «Жас туристер» стансасының директоры Алмажи Утегенов, Құрманғазы атындағы балалар саз мектебінің директоры Зина Умиралиева бар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521