Қойылымнан бас жүлде иеленді

(0 Votes)

Аудандық білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес Абай орта мектебінің базасында 3-4 сыныптар арасында аудандық «Ертегілер елінде» сахналық қойылым байқауы өтті.

Байқау ағылшын тілінде болғанын атай кетейік. Мақсаты – мектеп оқушылары арасында көптілділікті насихаттау, олардың ойлау қабілеттерін арттыру, сөйлеу мәнерін жетілдіру, ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекеті арқылы танымдық қабілетін дамыту. Оған Ломоносов атындағы орта мектептен Аружан Қисымова, Нұрхан Нұрлығайынов, Айша Лубек, Айару Нұрлан, Ақәділ Муфтах қатысты.

ertegi-1

Кішкентай театр жұлдыздары дауыс ырғағы арқылы ертегі кейіпкерлерінің мінез-құлықтарын әдемі көрсете біліп, көрермендерін тәнті етті. Балалардың әртүрлі рөлдерде еркін ойнай алуының өзі қатысушыларды қызықтырды. Барлық мектептерден келген оқушылар да жақсы дайындықтарын бірден байқатты.

ertegi2

Алайда, «Жүзден жүйрік озады жарысқанда», дегендей солардың арасынан ағылшын тілін жетік меңгеріп жатқан Ломоносов орта мектебінің оқушылары бас жүлдені жеңіп алды.

ertegi-3

Қ.Қыдыршаева,

Ломоносов жалпы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521