Облыстық байқаудан жүлдемен оралды

(0 Votes)

Аудандық білім бөлімінің «2022 жыл - Балалар жылына» арналған жоспарына сай және республикалық Отбасы күніне орай аудан мектептерінде ұйымдастырылып бастау алған,  бастауыш 4 сынып оқушылары және олардың ата-аналарының арасында «Ең үздік оқырман отбасы» атты аудандық байқауы ағымдағы жылдың 13 қыркүйек күні ұйымдастырылды.

Жалпы байқауға қатысушылар Атырау облысы білім беру басқармасының «Таланттарды анықтау және қолдау» орталығының облыстық ережесі негізінде кітап оқитын отбасылардың оң көзқарасын қалыптастыру мақсатымен 8 түрлі бағыттағы шарттарын орындады. Байқауда Д.Нұрпейісова атындағы жалпы орта мектебі атынан қатысқан Хасановтар отбасы, яғни әкесі Хасанов Қанат, анасы Қисамеденова Асия және қызы 4 сынып оқушысы Измухан Жанель Бас жүлдені иеленіп облысқа жолдама алған болатын.       

Атырау қаласының «Абай»  оқу орталығында 28 қыркүйек күні ұйымдастырылған облыстық «Ең үздік оқырман отбасы» байқауында «үздік» деп танылған мектептер бақ сынасып, нәтижесінде үздік оқырмандарға лайық білім мен білік және  іскерлік шеберліктерімен көріне білген Хасановтар отбасы облыстық байқаудың Бас жүлде иегері атанды. Мектебіміз мен ауданымыздың абыройын асқақтатқан, қуаныштарынан шек көрінбейтін Хасановтар отбасы, мектеп ұжымына және байқауға әзірлікпен қатысуға мүмкіндік жасаған барша ұстаздарға ризашылығын білдіреді.

 

Д.Нұрпейісова атындағы жалпы орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі  Шамеденова Э.Х.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521