Облыс әкімі озат оқушылармен кездесті

(0 Votes)

"Еркін форматтағы кездесу Абай орталығында өтті. Бұл туралы аймақ басшысы "Фейсбук" желісіндегі парақшасында жазды" деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

263599396_430415365223926_2601054225101065017_n

«Тәуелсіздікке 30 жыл: Мәңгілік елдің дарынды ұландары» атты кездесуге қатысқан әр оқушының өзіндік жетістігі бар. Олар жас та болса халықаралық және республикалық олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлері.

263116862_430415225223940_2265762589585232719_n

"Индер ауданынан келген Қахарман Шерхан атты оқушы өзі құрастырған ұшағын көрсетті. Әр оқушының көзінен білуге, үйренуге деген от пен білім-ғылымға деген үлкен құлшыныс пен құштарлықты көрдім. Біздің де басты мақсатымыз — «жанам» деген жастарға жағдай жасау. Келешегіміз кемел болу үшін — өңірдің білім саласын дамытуға айрықша ден қоюдамыз. Биыл білім сапасын арттырудың үш жылдық «Жол картасын» әзірледік. Оны Н.Назарбаев зияткерлік мектебімен бірлесе жүзеге асырып жатырмыз. Сондай-ақ былтыр облыстық Білім беру басқармасының жанынан Таланттарды анықтау және қолдау орталығын құрдық. Бұл бағыттағы жұмыстарды бір сәт те тоқтатпаймыз. Білім-білігі мықты жастарымыз көп болсын" деп жазды Атырау облысының әкімі Фейсбук желісіндегі парақшасында.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT