Оқушылар теріс жолға түспес үшін

(0 Votes)

Соңғы деректерге сүйенсек, облыс бойынша дәстүрлі Ханафи мазғабына қарағанда, теріс жолды ұстануды құп көргендер саны артуда. Бұл – ұстазсыз мектепте оқығандардың, яғни, білімсіздіктен болған құбылыс.

Адасқанның жетегінен ергендердің басым бөлігі – жастар. Осындай олқылықтар қайталанбас үшін, ауданның әр мектептеріндегі оқушылардың Бас имаммен кездесу шаралары өткізілуде. Өз жолынан адасқанның соқпағына жас буындар ілінбес үшін ұйымдастырылатын жиын кезегі Ломоносов атындағы жалпы орта мектебінде де жалғасты. Мұнда оқушылардың сауатын арттырып, оларды жат ағымның буында шаталғандардың қатарынан табылмас үшін алдын алу мақсатында аудандық "Темірәлі" мешітінің бас имамы, теолог Еламан Жасөмірұлымен кездесу өткізілді. Оған мектеп оқушылары мен ұстаздары қатысты.

Шара барысында, Еламан Бегалиев, санасы жаңа пісіп келе жатқан оқушыларды деструктивті діни ағымнан алыс болуға шақырды. Оған қоса, мешітке бара қалған жағдайда не болмаса діни сауатын ашқысы келген тұста, көрінгеннің қолынан ұстап, айтқанына бағынбас бұрын, ҚМДБ құптаған ұстаздар мен имамдардан білім алып немесе мазалаған сұрағына әлеуметтік желіден тек рұқсат етілгендерді ғана тыңдауға кеңес берді. Ілім артқан сайын, адамның бойында қызығушылық пен ізденіс үдейіп, еліктеу басым болады. Ал, өзгеге қызығу – діни фанатизмге әкеліп, ақыры терроризмге ұласқан жағдайларды естіп жүрміз. Мектебімізге арнайы шақырылған Еламан Бегалиев болса, дінді шынайы имандылыққа жақындатып, оның жақсы жағын алуға шақырып, шараны аяқтады.

 

Шырақбаева Назерке Шырақбайқызы М. В. Ломоносов мектебінің Аға-тәлімгері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521