Оқушылар мектепке қашан оралады

(0 Votes)

Атырау облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті оқушылардың мектепке қашан оралатынын айтты, деп хабарлайды https://atpress.kz

Желіде, 15 қыркүйек күні оқушылар дәстүрлі оқу форматына көшеді деген ақпарат тарады. Осы мәселенің мән-жайын білу үшін, ATPress.kz тілшісі Атырау қалалық білім бөліміне хабарласқан болатын. Білім бөлімінен білгеніміздей, білім ордаларының оқушыларды қабылдау уақыты, Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің арнайы қаулысынан кейін ғана белгілі болатынын айтты.

«Бұл мәселеге байланысты Атырау облысының Бас санитариялық дәрігерінің арнайы қаулысы шыққан жоқ. Қашан шығатынын да нақты айта алмаймыз. Оқушылардың жаппай оффлайн форматқа ауысу-ауыспауы әлі белгісіз», деп ақпараттандырды, Атырау облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Фото ашық дереккөзден алынды

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521