Облыстық байқауда топ жарды

(124 Votes)

Оқушыларға сапалы білім беріп, жеке тұлға ретінде қалыптастыруда, олардың бойында жауапкершілік сезімін тәрбиелеп, көркем әдебиетке қызығушылығын арттыруда түрлі пәндік байқаулар мен сайыстардың алатын орны ерекше. Осы бағытта Құрманғазы аудандық әдістемелік кабинетінің ұйымдастырып, өткізіп отырған шараларының маңызы зор.

Құрманғазы аудандық әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сай ағылшын, орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің әдіскері Ғ. Жуманованың ұйымдастыруымен дәстүрлі «Пушкин оқулары» байқауы онлайн форматта өткізілген болатын. Оның мақсаты – 8 - 9 сынып оқушылары арасында талантты, дарынды оқушыларды анықтау, оқушылардың шығармашылық әлеуетін таныту болатын. Байқауға ауданымыздың 28 білім беру ұйымдарының  оқушылары қатысып, Бас жүлдені Ф. Оңғарсынова атындағы жалпы орта мектептің 9 - сынып оқушысы Музафарова Дильназ иеленіп, облыстық байқауға жолдама алды. Облыстық байқауға жалпы білім беру ұйымдары мен мамандырылған мектептерден барлығы 27 оқушы қатысты. Облыстық байқау да қазіргі елдегі ахуалға байланысты онлайн форматта ұйымдастырылды. Дильназ тағы да 27 оқушының ішінен білімімен, өнерімен оза шауып, топ жарып, жүлделі 1 - орынды қанжығасына байлады. Сабақ үлгерімі өте жақсы, білімге қызығушылығы зор Дильназды айтулы шараға тыңғылықты дайындап, қатыстырған ұстазы Шапхатова Гүльжибек Сиражқызы орыс тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары білімді маманы, «педагог - зерттеуші», шығармашылықпен еңбектеніп жүрген білікті ұстаз. Өзі де кәсіби сайыстарға белсене қатысып, жоғары нәтижеге жетіп жүр. Атап айтсақ, 2019 жылы облыстық педагогикалық оқуларда жүлделі 3 - орын, биылғы оқу жылында аудандық «Словесник» байқауында 2 - орын иеленді. Шәкірттері пәндік олимпиадаларда да жүлделі орындар алып, жақсы білім сапасын көрсетуде.

Ауданымыздың мерейін асырған шәкіртіміз Музафарова Дильназға, ұстазы Шапхатова Гүлжибек Сиражқызына шығармашылық табыстар тілейміз. Шығармашылық әлеуеті мол ұстаздардан білім алған  шәкірттеріміз әрдайым биіктерді бағындырарына сенімдіміз.

 

Ғ. Сайхолқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521