Министр оқушылар 11 мамырдан кейін қалай оқитынын айтты

(1 Vote)

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов карантин аяқталған соң оқушылар қалай оқитынын айтты.

«Президент айтқандай, мектеп, колледж, университеттер қашықтан жұмысын жалғастыра береді. Қашықтан жұмыс істеп келе жатқанымызға үш апта болды. Осылай жұмыс істеуге үйреніп қалдық. Бастапқыда туындаған сұрақтар қазір жоқ. Процесс жүріп жатыр және бұған қатысты үлкен мәселе жоқ», – деді министр тікелей эфир барысында.

Сондай-ақ Асхат Аймағамбетов оқу жылы қашан аяқталатынын айтты.«Оқу жылын кесте бойынша аяқтаймыз. 25 мамырда орта білім беру мекемелерінің бәрінде оқу жылы аяқталады», – деді ол.

Еске сала кетейік, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеме жасап, төтенше жағдай режимі биылғы 11 мамырға дейін жалғасатынын айтты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521