Миллионер атанған ұстаздар

(0 Votes)

Бүгінде білім беру саласындағы жүзеге асырылып жатқан президенттік реформалар мұғалімдердің миссиясын дәріптеуге және педагог кәсібінің мәртебесін арттыруға бағытталған. Осындай жобалардың бірі - "Қазақстан мұғалімі" ұлттық сыйлық байқауы.

Жоба бастамашысы – Қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қоры, ал бас серіктесі – «Samruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

Байқау нәтижесімен 10 жеңімпаз «Әлем мұғалімі» Жаһандық Сыйлығының іріктеу кезеңіне жіберіліп, ал отыз мұғалім 1 миллион теңге көлемінде шағын грант иеленеді.

mln-staz1

mln-staz

Аталған байқауда бағын сынаған ауданымыздың Жұмекен ауылындағы Еңбекші жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог - шебер, филология ғылымдарының магистрі, креативті, жаңашыл ұстаз, онлайн педагог Амирханова Сара Бекетқызы мен Құрманғазы ауылындағы З.Серікқалиұлы атындағы мектеп-интернатының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, шығармашыл ұстаз, педагог-зерттеуші Сагадаева Жанна Абдрахманқызы ауданымыздың 2 мектебінің тарихында алғаш рет 1 миллион теңге грант жеңімпазы атанып отыр. Бұл жеңіс – ұстаздарымыздың зор мәртебесі, педагогтарымыздың мерейі екендігі анық.

sertifikat-mln

 

Айжамал Арыстанова,

аудандық білім бөлімінің әдіскері 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT