Мені таңғалдырған кітап

(0 Votes)
фото автордан

 «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Құрманғазы аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинеті жоспарына сәйкес Ю.Гагарин  атындағы жалпы орта мектеп базасында аудандық «Мені таңқалдырған кітап» тақырыбында кітаптар дефилесі  өтті.

Аталған шара  әдеби кейіпкерлердің жарқын бейнесін  әдемі костюмдермен көрсетіп, белгілі бір туындыны бейнелей отырып, ақын-жазушылардың шығармаларын таныстыру, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру мақсатын көздеді. Шараның шымылдығын Ю.Гагарин атындағы жалпы орта мектеп директорының міндетін атқарушы Р.Бахтығалиқызы ашып берді.
«Мені таңқалдырған кітап» кітаптар  дифелесіне   қатысқан оқырмандар  «Book  dating» әдісі бойынша өздеріне ұнаған кітаптарын қысқаша таныстырып, оқуға ұсынды. Сонымен қатар А.Иманов атындағы негізгі мектеп «Алдар көсе», Ақкөл жалпы орта мектебі «Бауырсақ»,  Шортанбай жалпы орта мектебі «Үш аю», Имашев атындағы жалпы орта мектебі «Қызыл телпек»,  Гагарин атындағы жалпы орта мектебі «Буратино», Д.Нұрпейісова атындағы жалпы орта мектебі «Маша мен аю» кітаптарынан  театрландырылған көріністер  тарту етті. Келесі кезекте «Мозайка»  әдісі бойынша көрермендермен тиімді кері байланыс жүргізілді, онда берілген кітаптардың сыртқы мұқабасын топтастырып, атауын табу тапсырылған болатын.  Көрермендер де шараға белсенділікпен қатысты. Аудандық білім бөлімінің әдіскері Қарылғаш Рахметқызы  кейіпкерлер серуеніне  келген барлық  қатысушыларды  аудандық  білім бөлімінің «Алғыс хатымен» марапаттап, кітап оқуға шақырды. Шара соңы кітаптар дифелесіне келген кейіпкерлердің  тамаша (флешмоб) билерімен аяқталды.

Н.Менетаева,
Ю.Гагарин атындағы жалпы
орта мектебінің кітапхана меңгерушісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521