Мадина-кішкентай зерттеуші

(1 Vote)

Мұражай – жәдігерлер мекені, тұнып тұрған тарих. Ал тарих туған жерден басталады, сондықтан, әрбір азамат өзінің туған жерінің тарихын білуі шарт.Өз елінің тарихын зерттеп, шежірелі өлкенің тарихын біліп қана қоймай, оны сүйіп, құрметтеу –бұл үлкен тәрбие деп білеміз.

Отбасының тарихы мен мәдениетін білу мақсатында біздің мектебіміздің кішкентай кейіпкері 5-сынып оқушысы, Ғалымжанова Мадина «Мой домашний музей» тақырыбында зерттеу жұмысын жүргізген. Жетекшісі - зерттеуші – педагог, бастауыш сынып мұғалімі, өз ісінің білікті маманы Тлегенова Газиза Бержановна. Кішкентай зерттеушінің мақсаты – ұлттық мұра құндылықтарын қазіргі таңның мәдени жетістіктерімен үйлестіру болды.

Өз ізденісіндегі рухани-адамгершілік тәрбиенің негізі етіп туған жерінің өткеніне құрмет, мақтаныш, өз отбасының салт-дәстүрлерін құрметтеу деп таныған кішкентай зерттеуші өз сөзінде:

-«Жылдан жылға заттар ескіріп, адамдар өз тарихын ұмыта бастайды. Бірақ антиквариат көптеген ұрпақтың тарихы. Ескі дүниені жаңғырту –мен үшін жаңалық,өйткені олар маған ата-бабаларымның өмірін жақынырақ тануға мүмкіндік береді. Ата-әжемнің әр экспонаты үйден шықпай-ақ, өткеннің рухани әлемімен танысуға көмектесетін, виртуалды мұражай деп есептеймін» М.В.Ломоносов атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Ғалымжанова Мадина өз зерттеуін шеберлікпен қорғап, Ақмола облысы, Щучье қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында өткен «ЗЕРДЕ» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының РЕСПУБЛИКАЛЫҚ кезеңінде жүлделі ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Мадинаны және оның жетекшісі Тлегенова Ғазиза Бержанқызын құттықтап, шәкіртіне көрсеткен шыдамдылығы мен еңбегі үшін шексіз алғысымызды білдіреміз! Біз оларға осындай жеңістердің көп болуын тілейміз!

Алдағы уақытта алар асуларың мол болып, білімнің биік шыңынан көріне беріңдер!

Мұражай –ұрпақтарды байланыстыратын жіп тәрізді.Қазіргі заман ағымымен жас ұрпақ өз елінің ертеңін өткен тарихпен тығыз байланыстырса нұр үстіне нұр болар еді.

Қ.Қыдыршаева,

М.В.Ломоносов атындағы жалпы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521