Мақаш салдырған мектеп

(0 Votes)

Бүгінде Құрманғазы аудандық балалар кітапханасы қызметін атқарып отырған мына ғимаратты 1895 жылы Бөкей хандығына қарасты Теңіз жағалауы округінің әкімі, этнограф һәм ағартушы Мақаш Бекмұхаметов салдырған.

Бастапқыда бұл ғимарат Ганюшкиндегі екі сыныптық орыс-қазақ мектебі болып ашылды. Совет өкіметі орнағаннан кейін мұнда Ганюшкин мектеп интернаты, кейін Абай орта мектебі мен жатақханасы, Дина Нұрпейісова атындағы өнер мектебі орналасты. 2014 жылы ғимарат өртке оранды. 2018 жылы тарихи қалпын сақтай отырып, қайта жаңғыртылды.

Мақаш әкім өңірдің дамуына көп еңбек сіңірді, көптеген жастарды қанаттандырды. Мақаштың қамқорлығын көрген жастың бірі мемлекет және қоғам қайраткері Сейтқали Меңдешев болатын. Мақаш оның Қазандағы мұғалімдер семинариясында оқуына жәрдемдесті. Семинарияда оқып жүргенде Сейтқалидің саяси белсенділігі артты. Қазаннан келгеннен кейін осы мектепте он жылдай мұғалім болды.

1908 жылы Мақаштың жиған-тергендерін жинақтап, Қазандағы “Кәрімовтер” баспасынан “Жақсы үгіт” деп аталатын кітабын шығарды.

1916 жылы Сейтқали Меңдешев батыстағы Ұлт-азаттық көтеріліс ошақтарын ұйымдастырып, отаршыларға қарсы күресті. Ақпан төңкерісінен кейін Қазақ орталық атқару комитетінің алғашқы төрағасы болды.

Серікбол Хасан,
республикалық "Mұнарa" газетінің бас редакторы, балалар ақыны.
Фото: автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521