Мұғалімдер біліктіліктерін арттырды

(0 Votes)

Білім беру мазмұнын жаңарту аясында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Ж.Нәжімеденов атындағы негізгі орта мектепте «Тапсырмаларды саралау арқылы оқушылардың ішкі уәжін арттыру» тақырыбында семинар өтті.

Аудандық әдістемелік кабинет меңгерушісі Нәйла Кеңесқызы мен мектеп директоры Руслан Амангелдіұлы қатысушыларға сәттілік тіледі. Практикалық бөлімде мектеп мұғалімдеріС.Мадиева коучинг тәсілімен, А.Сабырова «Күй анасы – Дина», Г.Қалиева «Дүниежүзі халқының діни құрамы» тақырыбында ашық сабақтар өткізді. Р.Есбергенова, М.Ишаханова, Г.Күнтуарова жаңартылған білім мазмұнына сай жинақталған тапсырмалар мен шығармашылық жұмыстарынан жасақталған көрмені таныстырды.

malimder-nzhimedenov

milimder-nzhimden

Психолог Ж.Жақсылықова «Лабиринт» ойынын өткізіп, жағымды сергіту ұйымдастырды. Рефлексия кезеңінде мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары М.Теңелбаева «Ақылдың алты қақпағы» әдісі арқылы пікірлерді таразылап, керібайланыс орнатты. Қорытынды бөлімде қатысушы мұғалімдердің сабақтары жоғары бағаланып, марапаттау бетшелеріне ие болды.

m

Мейрамгүл Теңелбаева,

Ж.Нәжімеденов атындағы негізгі орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT