Тарихты білмей тұрып қазіргінің қадіріне жету, болашақты болжау қиын дейтін ғылымның өз қағидасы бар.
Ол – өмірлік өсиет, ұлағатты сөз. Бұл тарих тағылымының тәрбиелік үлгісі, еңбек етудің алғышарты болса керек. Өміріміздің даму барысын дұрыс түсініп, оның ішінде ғылымның, тәрбиенің, бүгіні мен ертеңін танып, бағдарлап отыруда тәрбие мен еңбек бөлінбестей берік, маңызды да мәнді рөл атқарады. Сонау 1953 жылы іргетасы қаланған аудандық кешкі мектеп бүгінде 65 жасқа толып отыр. Осынау жарты ғасырдан астам ғұмырында білім ошағы қаншама жас ұрпақты тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатып келеді. Мектебімізден түлеп ұшқан түлектердің ішінде биіктің биігін, шыңның шыңын бағындырған шәкірттеріміз қаншама. Оларды тәрбиелеуде аянбай еңбек еткен ұлағатты ұстаздарымыздың еңбегі еш кетпеді.
Бастапқыда мектептің мақсаты – оқушыларға өндірістен қол үзбей отырып, білім алуына жағдай жасау болды. Сол жылдары еңбек өтілі бар жастар ғана жоғары білім алуға мүмкіндік алды.Сондықтан олардың кешкі мектепте оқуға құлшыныстары жоғары. Білім ошағының тарихында есімдері алтын әріппен жазылған ұстаздар мәңгі біздің есімізде қалады, олар тек бізге ғана емес, бүгінгі буынға да үлгі-өнеге болары хақ.Мектептің қалыптасуы, дамуы мен өркендеуі жолында өздерінің сүбелі үлестерін қосып, әр жылдары басшылық жасаған Қ.Шаждекеев, Х.Елекешев, К.Шайхымов,Қ.Хайырлиев,Е.Мұғаев,Е.Оралбеков,А.Өтегенова,Ғ.Даумов,Е.Мирманов, С.Ұзақов, Қ.Қайырмеденовтің есімдерін мақтанышпен атап өткіміз келеді. Ұзақ жылдар бойы білім ошағында қажырлы еңбек еткен Қ. Меңдіғалиев,Ж.Бахишева,М.Туяқбаев,Ж.Қуанышалиева,А.Лұқпанов,Қ.Хасанов,Ғ.Досбулаев,Н.Аймашев,А.Шұғаипов,Ғ.Тасимов,А.Мамытов,Ғ.Камалов,Т.Мұханбетов, М.Сейталиев, И.Елеуов,Ө.Ильясов сынды азаматтарға, И.Қараменов,Я.Исмагулов,М.Садықова,Ж.Құлесов,А.Сисенова,Т.Нұртазин,Н.Ғаділбекұлы,Ж.Қисимова,Р.Исмагулова,Қ.Юсупова,А.Аязов,З.Кенжеғалиева,Е.Ертаев,А.Умарова,Н.Сиражева,Р.Халелова,У.Казиев сияқты зейнеткерлік демалыстағы ұстаздарға әркез құрмет көрсету біздің бұлжымас парызымыз.
1991-2002 жылдары білім беру мекемесі аудандық сырттай оқыту орта мектебі болып жұмыс жасады. 2002 жылдың қаңтар айынан бастап ол жалпы білім беретін кешкі орта мектебі болып қайта құрылды. Бүгінгі таңда білім ұясы жас мамандармен толықты.Оның мақсаты – оқушылардың ішкі әлеуетімен санаса отырып, оларға кәсіптік бағдар беру, өзгермелі ортада өмір сүруге бейім, белсенді жеке тұлға болып қалыптасуына көмектесу.Кешкі мектеп оқушыларымемлекеттік білім беру стандарттары шеңберінде жеделдетілген бағдарламалар бойынша оқуға, өзінің бейімділігі мен қажеттілігіне қарай қосымша білім беру қызметін пайдалануға, оқу жоспарларына сәйкес баламалы курстар таңдауға және бос уақытта оқуды жұмыспен ұштастыруға құқылы.Аудандық жалпы білім беретін кешкі орта мектебі білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасынбасшылыққа ала отырып оқу жылы басында қабылдаған міндеттерді іске асырады.Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» идеясын іске асыру аясында мектеп оқушыларын қолөнерге баулып, сайыстарға дайындаған ұстаздардың еңбектері өз нәтижесін беріп келеді.Шәкірттеріміз Т.Зайнеденова, Д.Құлесов, А.Сарсекеева, т.б. республикалық, облыстық, аудандықтүрлі байқаулардың жеңімпазы болып оралды.Мектеп ұстаздары А. Алипова, М. Бахишева,А.Шамарданова халықаралық педагогика және инновациялық технологиялар ғылым академиясының «Үздік маман» дипломдарымен марапатталды. 2017 жылы кешкімектеп«Халықаралық педагогика және инновациялық технологиялар» ғылым академиясының «Үздік білім беру мекемесі» номинациясын жеңіп алды. Осы жылы білім ошағының басшысы М.Менситова «Халықаралық педагогика және инновациялық технологиялар» ғылым академиясы «Руководитель года -2017» үздік білім беру мекемесінің басшысы дипломына ие болды.
Мектептің ең үлкен мақтанышы – оның түлектері.Қазіргі уақыта олар біздің тәуелсіз еліміздің өркендеуіне өз үлестерін қосуда. Әскери борышын өтеп, кәсіптік және жоғарғы оқу орындарында білімдерін жалғастырып, әр салада абыройлы еңбек етуде. Педагогикалық ұжым барлық түлектерін, мұғалімдерін, оқушыларын, ата-аналарын өзінің жарты ғасырдан астам мерейтойымен құттықтай отырып, зор денсаулық, мол бақыт, саналы ғұмыр тілейді.
Е.МИРМАНОВ,
мектеп директорының оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары