Ауданда жаңа оқу жылы басталды

(3 Votes)

Ғасырдан астам тарихы бар, білімнің қарашаңырағы Абай орта мектебінде 1 қыркүйек – Білім күніне арналған «Кел, балалар, оқылық!» атты алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өтті.

Шараға қатысушылар ҚР-ның Мемлекеттік Туына қарап сап түзеп, жүрек тұсына қолдарын қосып Мемлекеттік Гимнді орындады. Алғашқы құттықтау сөз алған мектеп директорының міндетін атқарушы Руслан Сахаев биылғы жылы 1 сыныпқа 5 сыныпқа бөлінген 108 бүлдіршін қабылданып жатқанын қаперге беріп, барша оқушылардың жаңа қадамына сәттілік тіледі.

ce3cab12-b89a-4a6e-ad8a-ca0c62cf3bf4

​Білім кілтін Елбасы медалі иегері А.Тілекқабыл, әліппе оқулығын үздік аттестатқа үміткер Ф.Қадыржанова, спорт кубогын халықаралық, республикалық спорт турнирлерінің жүлдегері Б.Сәбитов, өнер киесі – домбыраны Алтын белгіге үміткер А.Сәрсенбаева 1 сынып оқушыларына табыстады. «Оқымысты мен Дымбілмес» көрінісі сахналанып, ұлттық рухты жаңғыртатын қайта оралған әліппе оқулығы мектеп табалдырығын алғаш аттаушы балғындарға ұсынылды.

Білімге деген құшқарлықты оятатын алғашқы қоңырау соғу құрметіне М.Талап, А.Тұрмағамбет (1 а сыныбы), А.Сәкен, А.Болатова (1 б сыныбы), А.Идаятов, А.Сайын (1 в сыныбы), С.Шынайбек (1 г), Р.Шынболатова (1 г сыныбы), Н.Рафаэл, А.Серікқали (1 д сыныбы) ие болды. ​Мектептің жас әншісі А.Құспанәлі шараны әсерлі әнмен көмкеріп, мектеп директорының міндетін атқарушы Руслан Қадрешұлы мен 1 сынып оқушысы Ә.Абзал білім алушыларға дәстүрлі форматта құшағын кең ашқан оқу ордасы алдында керілген лентаны қиды. Алтын ұяға асқан құлшыныспен, тың серпінмен енген бүлдіршіндерге «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында тәрбие шарасы ұйымдастырылды.

 

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521