КӨРКЕМӨНЕРПАЗДАР БАЙҚАУЫНДА

(0 Votes)

Өнер атаулының қадір-қасиетін түсініп, оның барша ғажайыптары мен тылсым сырларын ұғынуға, ғасырлардан бүгінге жеткен болмысына бойлауға да талғам мен талап қажет. Асылында, кез келген  өнердің тірегі де, түп бастауы да халықтың өзі.

Өнердің адам қиялын тербеп, өмірге құштарлығын арттырар құдіретін 28-желтоқсан күні Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, "ӨНЕРІМДІ ЕЛІМЕ АРНАЙМЫН" атты көркемөнерпаздар байқауы  мектебімізде де өткізіліп, маңдайымызға біткен, кие көріп дәріптеген өнерлерін іс білім алушыларымыз ортаға салды.

Байқаудың мақсаты: балаларға эстетикалық және өнегелік тәрбие беру мақсатымен, өнердің көркем шығармашылығын дамыта түсу үшін, оқушылардың жоғары рухани және өнерпаздық талғамын қалыптастыру.

68d4aa62-e6fe-4208-97c2-403fa8109fc3
Байқау сахналық қойылымнан бастау алып, ұлт аспаптар ансамблінің орындауында Ахмет Жұбановтың "Би" күйі, жеке дауыста "Он алтыншы желтоқсан" әні, Күләш Ахметованың "Теңдік үшін мұхитқа қайық салдық" көркемсөзі, "Наз" бишілер тобының орындауында "Қазақ биі", "Тәуелсіз елдің ұланы" әні квартеттің орындауында, жеке домбырада Ә.Желдібаевтың "Ерке сылқым" күйі, акробатикалық этюд, жеке би "Ұйғыр биі", көзбояушылық өнері, "Тәуелсіз - Қазақ, елім" хорларымен толықты.

Осындайда қазақ «Ел іші – өнер кеніші» деп жайдан-жай айтпағаны айқын дәлел.

Байқауды ұйымдастырушылар мен өнерін ортаға паш еткен оқушыларымызға толғай табыстар тілейміз.

 

Абай атындағы жалпы орта мектебі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521