"Күйші бабам-Дəулеткерей"

(0 Votes)

Дəулеткерей атындағы балалар музыка мектебіне қарасты Орлы бөлімінде Дəулеткерей Шығайұлының туғанына 200 жыл толу қарсаңына байланысты "Күйші бабам-Дəулеткерей" тақырыбында тəрбие сағаты болып өтті.

Мақсаты: Дəулеткерей Шығайұлына 200 жыл толу қарсаңында музыка мектебінің оқушыларына күйші өмірі мен шығармашылығы туралы мəлімет бере отырып, оқушылар бойына өнерге деген сүйіспеншілікті дамыту, музыкаға деген қызығушылықтарын арттыру, есте сақтау қабілеттерін нығайту, сөздік қорларын , жүйелі сөйлеуге дағдыландыру. Достыққа, ұйымшылдыққа тəрбиелеу.

Мектеп директоры Жанаргүл Ғасырбекқызы сөз сөйлеп, күйші Дəулеткерей туралы қысқаша айта келіп мектебіміздің "Дəулеткерей" атында аталуын, мектебіміздің өркендеп , əрбір шəкірттерінің биіктен көріне беруін мақтанышпен айтты. Дəулеткерейдің "Қосалқа" күйін оқушылар ансамбльмен орындады. Сондай-ақ Нажимеден Тоғжан Дəулеткерейдің өмір тарихын оқыса, Тұрсынова Гүлжайнар Дəулеткерейдің шығармаларын жəне шығу тарихын оқыды. Домбыра пəнінің мұғалімі Заузагүл Биляшқызы Дəулеткерей Шығайұлы туралы "сұрақ-жауап" жүргізді. Ə Желдібев "Ерке сылқым" күйін нақышына келтіріп трио орындады. (Сайфолова Ж, Тұрсынова Г, Нажимеден Т) Қуатбаев "Қазақстаным" əнін Қанат Ернұр орындаса, Құрманғазының күйі "Ақсақ киікті" Б Умирзахов орындады. Оқушылар теория сабағымен байланыстырып, жеті нота туралы жəне орналасуын көрнекіліктер арқылы жеткізді.

Оқушылар "Қарасай" халық күйі, "Жастар биі" дуэт, Құрманғазы "Ілме" күйлерін жеке орындады. Абай "Көзімнің қарасы",  Брусиловский " Би" баян аспаптарында Т Ақбота, Н Самалбекқызы орындаса, сондай-ақ Абай өлеңі "Махаббат қызық мол жылдар" Қаден Еркежан нақышына келтіре орындады.

Кеш соңында Н. Тлендиев " Əлқисса" күйімен ансамбль орындап , оқу ісінің меңгерушісі Мөлдір Саламатова қорытынды сөз сөйлеп, оқушылар мен ұжымға шығармашылық табыстар тіледі. Кеш көңілді өтті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521