IV тоқсанда оқушылар қалай оқиды?

(0 Votes)

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Атырау облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Болат Атыбай мәлімдеді, деп хабарлайды ATPress.kz

Республиканың барлық өңірлерінде: - контингенті 300 оқушыға дейін мектептерде балалар дәстүрлі форматта оқиды, сыныпта балалар санын 25-тен асырмау қажет; - сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға болады.

Жасыл және сары аймақтарда: - барлық сыныптардың оқушылары аралас форматта оқиды, сыныпта балалар санын 25-тен асырмау қажет.

Қызыл аймақта: - мектепалды даярлық, 1-5 сыныптардың (халықаралық мектептерде 1-7 сыныптардың) оқушылары аралас форматта оқиды, сыныпта балалар санын 25-тен асырмау қажет; - 9, 11 (12) сыныптар үшін аптаның 6 күні ішінде аралас форматта оқиды,сыныпта балалар санын 15-тен асырмау қажет.

ATPress.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521