Екінші тоқсаннан бастап 300-ге дейін оқушысы бар мектептер дәстүрлі форматқа ауысады

(0 Votes)

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Комиссия отырысында бірқатар шешім қабылдады. «Мектептегі оқыту бойынша - екінші тоқсаннан бастап оқушылар саны 300 балаға дейін болатын қала және ауыл мектептерінің жұмысын дәстүрлі форматқа көшіру;

- ата-аналардың өтініші бойынша 1 сыныптан 5 сыныпқа дейін, халықаралық мектептерде 7 сыныпқа дейін кезекші сыныптарда оқуға рұқсат етілсін», делінген хабарламада.

Бұл жағдайда санитарлық-дезинфекциялық режимді, маска режимін, шахмат ретімен отырғызу және әлеуметтік ара қашықтықты сақтау міндетті.

https://www.inform.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521