Екі елдің педагогтары тәжірибе алмасты

(0 Votes)

Д.Нұрпейісова атындағы балалар өнер мектебінде өндірістік жоспарға сәйкес «Қосымша білім беру – жеке тұлғаны ұлттық мәдени құндылықтарға тәрбиелеудің кепілі» тақырыбында ашық аймақтық семинар өтті.

Мақсаты – жеке тұлғаны ұлттық мәдени құндылықтарға тәрбиелеудегі музыка және өнер мектебі педагогтарының инновациялық ізденістерін насихаттау. Бұл семинарға тәжірибе алмасу мақсатында Красный Яр ауданы №15 балалар өнер мектебінің педагогтары келді. Алғашқы бөлімде Д.Нұрпейісова атындағы балалар өнер мектебінің оқытушылары В.Бабушкина «Балалар хорындағы вокалдық-хор жұмысының тәсілдері», Б.Сұлтанмұратов «Оқушының орындау шеберлігін шыңдау», А.Хамзина «Кескіндеме сабағында жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану», Б.Ислямова «Ұлттық болмыс – халықтық биде», Дәулеткерей саз мектебінің мұғалімдері Н.Исаев «Қазақтың дәстүрлі ән айту өнері», Г.Селеуова «Қоңыр саз киелі қобыз аспабы» тақырыбында шеберлік сыныптарын көрсетсе, Ресей елінен келген мамандар да өдерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті.

nurpejsova3

Бейнелеу өнерінен дәріс беруші жас педагогтар Г.Бисенғалиева, Е.Сағындықов, Ж.Уағапованың жетекшілігімен қолөнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырылса, А.Нұрлыбаева, Г.Сидағалиева, Г.Кенжешова сынды тәжірибелі мұғалімдер өздерінің шәкірттері дайындаған концерттік бағдарламасын ұсынды.

nurpejsova2

Семинар қорытындысымен Д.Нұрпейсова атындағы балалар өнер мектебінің директоры М.Боханова Ресейден келген әріптестеріне зор ризашылығын білдіріп, аудандық білім бөлімінің атынан алғыс хат табыстады.

А.Хамзина,

Д.Нұрпейісова атындағы балалар өнер мектебі директорының орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521