Дарынды балаларға – талантты ұстаз

(0 Votes)

Аудандық оқушылар үйінің ұйымдастыруымен «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» атты өңірге қарасты әр мектептің аға тәлімгерлер сайысы өтті.

Олардың кәсіби құзіреттілігін көтеру мақсатында өткен олимпиаданың  аудандық кезеңінде 15 қатысушы бақ сынасты. Білім ошағындағы оқушылармен тығыз жұмыс жасайтын аға тәлімгерлердің имиджін көтеруге бағытталған бұл сайыс екі бөлімнен, яғни, таныстыру және берілген тақырыпта жоба қорғаудан тұрды.

Тартысты өткен сайыстың қортындысы бойынша, С.Бақтыгереева (Уалиханов о\м), И.Сүйінішқалиева (Панфилов о\м), Г.Қожабекова (Иманов о\м), Г.Алтыбаева (Ф.Оңғарсынова о\м) Алғыс хатпен марапатталды. Сонымен қатар, Ү.Хасанова (Гагарин о\м), А.Ислям (Балқұдық о\м), Н.Батуов (М.Әуезов о\м) ІІІ-орынды иемденсе, А.Ерғалиева (Қ.Мырза-Әли о\м) мен Г.Ажмеденова (Бегалиев о\м) жүлделі ІІ-орынды қанжығалады. Ал, М.В.Ломоносов орта мектебінің аға тәлімгері Назерке Шырақбайқызы І-орынды жеңіп, облыстық кезеңге жолдама алды.

Жайдарлым Қайреден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521