«Буккроссинг» кітапханада

(0 Votes)

Сүйіндік жалпы орта мектебінде кітапханашы Марияш Бәсерқызының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» жобалық кеңесінің бағдарламасына сай «Буккроссинг» яғни, кітап алмасу күні өткізілді.

Кешті жүргізуші мектеп оқушысы Қ.Нұржанова Абай атамыздың әдемі өлеңімен бастады. Кітап оқу, қоғамда рухы биік, мәдениеті жоғары, көзқарасы айқын, ұлтжанды тұлғаны қалыптастырады. Міне, осыны айқын түсінетін бүгінгі күн жастары, өз ойлары ашық білдіріп, шараға өз үлестерін қосқандардың қатарында: И.Гимранова, А.Сембаева, З.Жасқайратова, Б.Болатова болды.

Жас оқырмандар Р.Орденов, А.Ерболатова, Д.Нұрымова, Д.Уапов өз ойларын ортаға салды. Өздерінің құрбы-құрдастарын кітап оқуға ынталандырып, көркемсөз оқыған Б.Жумашев, Қ.Елемесов көрермен көзайымына айналды.

Мектеп директорының тәрбие және оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Бауыржан Амангелдіұлы, Рымжан Жасұланұлы шараны ұйымдастырушылар мен белсенді қатысушыларға алғыс білдірді.

Индира Ғимыранова,

Сүйіндік жалпы орта мектебінің оқушысы.

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Күнтізбе

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21